Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшелері тағайындалды

29 Қыркүйек 2021, 08:15
1926
Бөлісу:
Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшелері тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Орталық сайлау комиссиясының жаңа екі мүшесі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сәбила Сапарқызы Мұстафина Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына;

Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды, – делінген Жарлықта.


Өзгелердің жаңалығы