Қосшы қаласында бірнеше басқарма басшысы тағайындалды

29 Қыркүйек 2021, 16:17
3529
Бөлісу:
Қосшы қаласында бірнеше басқарма басшысы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында қала мәртебесін алған Қосшыдағы бірнеше басқармаға жаңа басшылар тағайындалды.

Жалпы конкурстың негізінде Қосшы қаласы әкімі Г.Қасеновтің өкімімен «Қосшы қаласының ауыл шаруашылық, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы болып Елнұр Маратбекұлы тағайындалды. 

Елнұр Маратбекұлы мемлекеттік қызметте бірнеше жыл бойы қызмет етіп келеді. Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік салалары бойынша еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман.  

Сондай-ақ «Қосшы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы болып Бақытбай Шәдиұлы тағайындалды. 

Бақытбай Шәдиұлы бірқатар жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласы бойынша қызмет атқарып келеді.

Өзгелердің жаңалығы