Қазақстандық спортшы Африка чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

29 Қыркүйек 2021, 04:53
1207
Бөлісу:
Қазақстандық спортшы Африка чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аян Бейсенбаев триатлоннан Африка кубогіне қатысып, елге жеңіспен оралды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Зимбабвенің Ньянга қаласында өткен кубоктік бәсекеде Аян Elite санатында жеңімпаз атанды. Ол спринтерлік қашықтықты 1:01:18 уақыт көрсеткішінде аяқтаған.

Күміс және қола медальді Марокко елінің өкілдері Жавад Абделмолла мен Бадр Сиване еншіледі.

Әйелдер арасында Оңтүстік Африка Республикасының намысын қорғаан Ханна Ньюман жеңіске жеткен.

Өзгелердің жаңалығы