Электронды шот-фактураларды жазып беруді шектеу жөніндегі жоба іске қосылды

29 Қыркүйек 2021, 13:09
5732
Бөлісу:
Электронды шот-фактураларды жазып беруді шектеу жөніндегі жоба іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік кірістер комитеті адал бәсекелестікті қорғау, «жалған мәмілелерді» ерте анықтау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) пайдалана отырып, тәуекелі жоғары салық төлеушілер бойынша ЭШФ жазып беруді шектеу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты.

Бастапқы кезеңде тәуекелді анықтаудың жеделдігіне аса назар аударылды. Осы мақсатты іске асыру зияткерлік талдауды қолдана отырып, электронды шот-фактуралардың мәліметтерін талдау арқылы жүргізіледі.

Сондай-ақ, бұл адал бизнесті «бір күндік» фирмалармен байланыстан қорғайды, адал салық төлеушілерге айтарлықтай зиян келтіру қаупін азайтады және ұзақ уақыт өткеннен кейін өсімпұлды есептеумен (2-5 жыл) салық төлеу туралы талап қояды.

Аналитика тауарсыз мәмілелерді, сондай-ақ жалдамалы жұмыскерлердің саны бойынша қолда бар мәліметтерді, қандай да бір қызметтерді көрсету мүмкін еместігінің тәуекелдерін анықтайды.

ЭШФ шектеу жөніндегі пилот жалған мәмілелерді жедел анықтауға және адал бизнесті қорғауға бағытталған. Хабарламалар жоқ тауарды іс жүзінде сата алмаған немесе жалдамалы жұмыскерлердің болуын талап ететін қызметтерді орындай алмаған тәуекелді өнім берушілердің атына қойылады. Жалған мәмілелер бойынша барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін осы мәмілелерді жарамсыз деп тану бойынша талап-арыз жұмыстары жүргізіледі, - делінген ақпаратта.

Бүгінгі таңда 101 мың ҚҚС төлеушілерінің 10 409-на қатысты ЭШФ жазып беруді шектеу жүзеге асырылды, оның ішінде 2 065-тен шектеу алып тасталды, бұл шектеуге әкеп соққан бұзушылықтардың жойылуына байланысты. Тәуекел айналымының сомасы 3,3 трлн теңге болатын 8 344 салық төлеуші бойынша ЭШФ жазып беру шектелген.

Бұрын «біркүндік» фирмаларын анықтау және ЭШФ жазып беруді тиісті шектеу 2016 жылдан бастап алғаш рет ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру үлесін 38% - ға түсуін қамтамасыз етті (2019 жылы-2,8 трлн. теңге, 2020 жылы-1,7 трлн. теңге).

Осы салық төлеушілер бойынша ЭШФ жазып беруді шектеумен қатар, талап-арыз жұмыстары жүргізілуде, тіркеу 380 млрд.теңге тәуекел айналымы сомасына жарамсыз деп танылды, мәмілелер 160 млрд. теңге тәуекел айналымы сомасына жарамсыз деп танылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабы бойынша 70 млрд. теңге көлемінде залал келтірілген 609 қылмыстық іс қозғалды, - делінген ақпаратта.

Мемлекеттік сатып алуларда және квазимемлекеттік секторда әртүрлі көп деңгейлі схемалар арқылы бір күндік фирмаларды қолдана отырып ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыратындығы байқалады.

Пилот шеңберінде мемлекеттік кіріс органдары тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған салық төлеушіден қаржы-шаруашылық операцияны жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттарды ұсынуды талап етуге құқылы.

Хабарламалар мен хабарламаларды пысықтауға біркелкі тәсіл қолдану мақсатында Комитет мәмілелердің жалғандық тәуекелін айқындау тетігімен аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері үшін әдістемелік ұсынымдар әзірледі, ол үнемі жетілдіріліп отырады, - деп хабарлады комитет өкілдері.

Пилоттық жобаны жүргізу барысында «тәуекелді» салық төлеушілер, яғни басшылардың заңды тұлғаға іс жүзінде қатысы болмаған кезде, басшылардың және (немесе құрылтайшылардың) ұйымды тіркеуге (қайта тіркеуге) және қаржы–шаруашылық қызметіне қатыстылығын не қатыспайтындығын анықтау қажеттігі туындайтынын ескеру қажет.

Салық кодексінің 71-бабына сәйкес белгілі бір іс-әрекеттерді жасау кезінде фотосуреттерді, бейнежазбаларды жасауды жүзеге асыру және басқа да материалдарды жинау жағдайлары көзделген.


Өзгелердің жаңалығы