Каспий түбі тереңдетіліп жатыр

29 Қыркүйек 2021, 05:15
3385
Бөлісу:
Каспий түбі тереңдетіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Каспийдегі теңіз түбі маусым айынан бастап тереңдетілуде. "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." компаниясы қазіргі күні жұмыстардың батыс учаскесіндегі негізгі бағыттағы бөлігі аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұған дейін хабарланғандай, су түбін тереңдету жұмыстарының жалпы ұзындығы 56 километрді құрайды. Жобаны жүзеге асырып жатқан консорциум Каспий теңізі деңгейінің жыл санап төмендеуі Қашаған кен орнының теңіздегі өндірістік нысандарына қауіп төндіріп, мұнай өндірісіне кедергі келтіре бастағанын алға тартқан еді.

NCOC осы жобаны іске асыру үшін оңтайлы "cooking pot" технологиясын, сондай-ақ, тиісті аккредиттеуден өткен индустриядағы ең озық жабдықтарды пайдалануда. "Cooking pot" технологиясы бойынша су мен алынған топырақ қоспасын теңіз түбіне жайғастырылады. Жоба аясында бір мезгілде үш жерснаряд пайдаланылады, бұл судың мөлдірлігін тез қалпына келтіруге мүмкіндік береді, – дейді компанияның баспасөз қызметінен.
Солтүстік Каспий бойынша теңіз суы сапасының химиялық және физикалық параметрлеріне, гидрометеорологиялық көрсеткіштеріне, теңіз биотасының жағдайына тұрақты мониторинг жасалып отырады.
Біз жұмыстың жобадағы параметрлер бойынша жасалып жатқанын назарда ұстаймыз. NCOC тоқсан сайын өз есебін беріп, оларды талқылауға саламыз, – дейді облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Сырым Төлегенов.
Әзірге су түбін тереңдету жұмыстарына "ҚР Экологиялық кодексінің талаптары мен құрылыс нормаларын сақтай отырып жүргізілуде" деген баға берілгені белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы