Ауыр атлетикадан ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметінен шеттетілді

29 Қыркүйек 2021, 14:36
1060
Бөлісу:
Ауыр атлетикадан ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметінен шеттетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Комиссия ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седовты қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады.

Тергеу барысында комиссия 2021 жылғы 28 қыркүйектен бастап мән-жайлар анықталғанға және қызметтік тергеу жөніндегі Тәуелсіз комиссия тиісті қорытынды шығарғанға дейін ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седовты қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Алматы облыстық Полиция департаменті ауыр атлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Осыған байланысты ААФ тергеуге қажетті барлық қолдауды көрсетуге ниетті.

Өзгелердің жаңалығы