Сапарбаев Қордайда қордаланып қалған мәселелерді атады

29 Қыркүйек 2021, 11:37
1328
Бөлісу:
Сапарбаев Қордайда қордаланып қалған мәселелерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Қордайдағы жағдайға қатысты бірқатар мәселені айттық. Ол жерде қордаланып қалған мәселелер бар. Қазір біздің арнайы іс-жоспарымыз бен жұмысшы тобы бар. Әсіресе, әлеуметтік мәселелерге қатысты шаралар бар. Оны ретімен шешіп жатырмыз. Оның ішінде мемлекеттік тіл мен дінге қатысты мәселе қадағалауымызда тұр. Былтыр әлеуметтік мәселелерді шешу Қордай ауданына мемлекеттік бағдарламалар негізінде 35 млрд теңге бөлінген, - деді ол.

Сапарбаев оның міндеті тек Қордай мен Байзаққа ғана қатысты емес екенін жеткізді.

Жалпы өңірдің экономикасын арттырып, барлық әлеуетін қолдану арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруды жүзеге асырамыз. Қазір осы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Оны нәтижелерін өздеріңіз көре жатарсыздар, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы