Өзбекстанда 12 жастан асқан балаларды КВИ-ге қарсы вакциналауға рұқсат берілді

29 Қыркүйек 2021, 18:30
11042
Бөлісу:
Өзбекстанда 12 жастан асқан балаларды КВИ-ге қарсы вакциналауға рұқсат берілді
Фото: Асанәлі БАҚЫТОВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан билігі 12 жастан асқан балаларды covid-19 инфекциясына қарсы вакциналауға рұқсат берді.

Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Жасөспірімдерді вакцинациялау үшін Pfizer препараты қолданылады. Шешімді Өзбекстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және Ұлттық техникалық иммунологиялық сараптамасы мақұлдады. 

12-15 жас аралығындағы балалар қатысқан Pfizer вакцинасының шетелде жүргізілген клиникалық зерттеулерінің нәтижелері оның жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетті, - делінген Үкімет хабарламасында. 

Кәмелетке толмағандарды вакцинациялау олардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының рұқсатымен ғана жүргізілетін болады. Вакцинациядан бұрын балалар тиісті медициналық тексеруден өтуі керек.

Сонымен қатар Сербияда covid-19 инфекциясын жұқтырудың саны өсуде. Өткен тәулікте коронавирус деректері бойынша антирекорд жаңарды - аурудың 8 467 жағдайы тіркелді, 45 науқас қайтыс болды. 

Бұл мәліметтерді Сербияның Қоғамдық денсаулық институты жариялады және олар бір күнде инфекцияның рекордтық санына айналды.

Пандемияға қарсы штабтың жетекшісі эпидемиолог Предраг Кон ковид төлқұжаттарын немесе қатаң шектеу шараларын енгізу керек деді.

Сербияда пандемия кезінде 872 110 адам індет жұқтырды, 7 808 адам ауру салдарынан қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы