Ақмола облысының Целиноград ауданында да құс тұмауы анықталды

29 Қыркүйек 2021, 23:47
2356
Бөлісу:
Ақмола облысының Целиноград ауданында да құс тұмауы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Целиноград ауданында Жалғызқұдық ауылындағы бір үйден 288 бірдей үй құсы қырылып қалды. Сараптама жасаған мамандар құс тұмауы себеп болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазіргі уақытта ауылда карантин жарияланған.

Тексеріс барысында жалпы саны 238 қаз, 40 үйрек пен 10 тауық өлгені анықталды. Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті аудандық аумақтық инспекциясы мамандары құстардың өлу себебін анықтау және зерттеу үшін өлекселерден сынама алған. Ал 28 қыркүйекте ҚР АШМ «Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының сынама хаттамасы және сараптама нәтижелері бойынша құс тұмауы патогенді құс тұмауын анықтады.

Жалғызқұдық ауылына құс тұмауы бойынша карантин енгізу туралы ұсыныс енгізілген.
Қазір ауылда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр.


Өзгелердің жаңалығы