ШҚО-да ұрылар 10 млн теңге сақталған сейфті алып кеткен

29 Қыркүйек 2021, 06:33
2880
Бөлісу:
ШҚО-да ұрылар 10 млн теңге сақталған сейфті алып кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы тұрғынының үйінен сейфті ұрлағандар видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды zakon.kz.

Ер адам таңертең ұрлыққа түскен.

Ұры қосалқы бөлмедегі металл сейфті үптеген, оның ішінде 8 000 000 теңге, ер адамның алтын сақинасы, үйге арналған құжаттар, 1843 жылғы мыс монета, "Еңбегі үшін" медалі болған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 10 000 000 теңгені құрады, – дейді облыстық ПД.
Полиция атап өткендей, кейін бұрын бірнеше рет сотталған екі жергілікті тұрғын ұсталды.
Олар ұрланған мүлікті ішінара қайтарды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.
Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігі, "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы