Өңдеу өнеркәсібі: Елде жыл соңына дейін 100 жоба іске қосылады

29 Қыркүйек 2021, 13:23
1178
Бөлісу:
Өңдеу өнеркәсібі: Елде жыл соңына дейін 100 жоба іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев министрліктің жоспары бойынша биыл 128 жоба іске қосылатынын хабарлады.

Өңдеу өнеркәсібін 1,5 есеге көбейту үшін екі бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Біріншісі, қазіргі өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету. Бұл салада қазір 17,5 мың кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ жыл сайын жаңа жобаларды іске қосу, - деді ол.

Вице-министр құрылатын жаңа жобаларға тоқталып өтті.

Биылғы министрліктің жоспары бойынша 128 жоба іске қосылады. Нәтижесінде ел экономикасына 1,2 трлн теңге инвестиция тартылады. 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Соның ішінде 5,5 мың жаңа жұмыс орны ауылды мекендерде және 1,6 мың моноқалаларда құрылады, - деп түсіндірді вице-министр Марат Қарабаев.

Айтуынша, қазіргі күні 28 жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін қалған 100 жоба жұмысын бастайды.

Іске қосылған трансформат зауыты осындай төртінші зауыт. Қуантатыны олардың жалпы қуаттылығы 32 мың болса, енді ол 44 мыңға дейін асып отыр. Зауыт Петропавл қаласында орналасқан. Шекаралас жерде орналасқан зауыттар экспортқа арналған. Яғни өндірген өнімінің 40%-ын экспортқа шығаруды жоспарлап отыр, - деп толықтырды ИИДМ өкілі.
Өзгелердің жаңалығы