Қазан айында КВИ жұқтырушылар саны тәулігіне 40-қа дейін төмендейді

29 Қыркүйек 2021, 16:31
12748
Бөлісу:
Қазан айында КВИ жұқтырушылар саны тәулігіне 40-қа дейін төмендейді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифингте қалада вирустың әлі жойылмағанын, күн сайын 420-дан астам адамнан вирус анықталып жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Алматыда қазіргі жағдай пессимистік болжамға сәйкес келеді. Мысалы, соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 426 жағдай тіркелген. Ал эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында қала «қызыл» аймақта тұр.

COVID-19 қоздырғышының «Дельта» патогенділігінің төмендеу үрдісі байқалды. Бұған симптомдық науқастардың үлес салмағы қыркүйектің басындағы 96%-дан 27 қыркүйекке 92%-ға дейін төмендеуі дәлел. Қазан айында КВИ жұқтырушылардың саны тәулігіне 40-тан 100-ге дейінгі аралықты көрсетіп, осылайша, төмендеуі мүмкін деп болжанып отыр, – дейді Қалықова.
Қазіргі эпидемиологиялық жағдай бойынша қала тұрғындарының иммундық деңгейі 50%-ға жеткен. Ресми мәлімет бойынша халықтың 43%-ы вакцинаның екінші компонентін алса, + 7%-ы жыл басынан бері сауығып кеткендер.

Ә. Қалықова сөз арасында әлі босаңсуға болмайтынын атап өтті. Өйткені қауіп толығымен сейілген жоқ. Коронавирустың жаңа нұсқалары таралуда.

COVID-19 ауруының платоға жетуі пандемия аяқталды дегенді білдірмейді. Бүгінде инфекциялық процесті тоқтатудың ең тікелей әрі жылдам тәсілі – тек вакцинация, – дейді ол.
Айта кетсек, өткен тәулікте Алматыда 2324 адамға бірінші компонент, 4636 адам екінші компонентті екті. Барлығы 2021 жылдың 1 ақпанынан 28 қыркүйегіне дейін 948 526 адам бірінші компонентті, 851 423 адам екінші компонентті алды. Вакциналанған адамдардың жалпы санынан 60 жастан асқан адамдар 117 969 адамға жетті.
Өзгелердің жаңалығы