Алматыда дүкендерді тонап келген жұп ұсталды

29 Қыркүйек 2021, 11:26
5619
Бөлісу:
Алматыда дүкендерді тонап келген жұп ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда бірнеше ұрлық жасады деген күдікпен жас жігіт пен қыз ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алмалы аудандық Полиция басқармасы КПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 24 жастағы астаналық және 23 жастағы Павлодар қаласының тумасын ұстады. Ұсталғандар бірнеше ұрлық жасады деген күдікке ілінді. Негізінде «жұп» дүкендерді тонап отырған. 

Дүкендерге кіреберіс есігін кілтін таңдап ашу арқылы ішіне енген. Олар неғұрлым құнды заттарды алып, негізінен ақшаны жымқырып отырған. Сөйтіп, олар 23 қыркүйекте құлып кілтін таңдау арқылы ашып, Розыбакиев көшесінде орналасқан дүкеннен 65 000 мың теңгені жымқырған.

Тергеу алдындағы тексеру кезінде олардың Алмалы ауданы аумағында осыған ұқсас 7 ұрлыққа қатысы анықталды. Күдіктілер ұрлыққа қатысы бар екендігін жоққа шығармайды. Бұл факт ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, – дейді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Белгілі болғандай, С. есімді азаматтың бұрын заңмен мәселелері болған, осындай қылмысы үшін жазасын өтеген. Полиция «дуэттің» қаланың басқа аудандарында да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Қазір ұсталғандардың екеуі де Уақытша ұстау изоляторында. Тәртіп сақшылары барлық қажетті тергеу амалдарын жүргізуде.


Өзгелердің жаңалығы