Биыл Қазақстан 100 мың көлік шығарады – Марат Қарабаев

29 Қыркүйек 2021, 13:04
2102
Бөлісу:
Биыл Қазақстан 100 мың көлік шығарады – Марат Қарабаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев биыл елімізде 100 мың көлік өндірілетінін айтты.

Айтуынша, өңдеу өнеркәсібі секторлары ішінде ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі – фармацевтика және машина жасау саласы.

Егер өңдеу өнеркәсібі жылына 5% төңірегінде өсім көрсетсе, былтыр машина жасау саласы 16%-ға өсті. Биыл 8 айдың қорытындысы бойынша өсім 24%-ды құрайды.

Тарихта алғаш рет машина жасау өнеркәсібінің көлемі қара металлургия өнеркәсібінен 10%-ға асып түсті. Яғни 1,8 трлн теңгені құрады. Машина жасау саласы да бірнеше бағыттан тұрады. Оның ішінде көлік құрастыру, электротехникалық машина жасау және ауылшаруашылығына арналған машина жасау. Былтыр Қазақстан 75 мың көлік өндірген болса, биыл алға қойған жоспарымыз 100 мың көлік өндіру. Өткен жылы 8 мың машина шетелге экспортталса, биыл оны 2 есеге ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Яғни 15 мың жаңа көлік экспортталады, - деп атап өтті вице-министр брифингте.

Айтуынша, 2022 жылы оның көлімін 30 мыңға дейін ұлғайту көзделіп отыр.

Былтыр отандық нарыққа 96 мың жаңа көлік сатып алынса, оның 66 мыңы отандық өндірушілерге тиесілі, - деді Марат Қарабаев.

Өзгелердің жаңалығы