Все новости за 25 наурыз 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қарағандыда 17 млн теңгені жымқырған екі банк қызметкері ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда алаяқтық жолмен 17 млн теңгені жымқырған екі банк қызметкері ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
-
Шымкентте фарабитанушылар бас қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада «Әл-Фараби мұрасы – өркениет қазынасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
-
Түркістанда алаяқтық жасады деген күдікпен жалғызбасты әйел ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып келеді. Оның айтуынша мүгедектікке шығарып беремін деген танымайтын әйел 90 000 теңгесін алып, сол күйі қайтармаған.
-
"Кедергісіз келешек" кемшіліктерді анықтауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалмаған әлеуметтік нысандар бар. Бұл өзекті мәселе бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысында талқыланды.
-
Елордадан бір тәулікте 100 мың текше метрден астам қар шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген тәртіпте екі ауысымда жұмыс істеуде. Бүгін елордада қар күреу жұмыстарына екі мыңға жуық жол жұмысшы шықты, 1 500-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
ШҚО-да ірі көлемдегі есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында №5518 әскери бөлімінің арнайы жасағымен және Жарма аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Жарма ауданы Қалбатау кентінің маңында “Алматы-Өскемен” автожолында “Volvo-580” маркалы автокөлікті ұстады.
-
Моңғолия Сыртқы істер министрі Қазақстан Елшісін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолия Сыртқы істер министрі Батмөнхийн Батцэцэг Қазақстан Елшісі Жалғас Әділбаевты қабылдады.
-
Қазақстанға көшіп келушілер саны 60 пайызға жуық азайған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020-2021 жылдардағы халықтың көші-қоны туралы деректерді назарларыңызға ұсынамыз. Биылғы жылдың алғашқы үш айында өткен жылмен салыстырғанда көшіп келушілер саны 60 пайызға жуық азайған.
-
Әскери спортшы грэпплингтен екі мәрте ел чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоян-қолтық ұрыстан Армия орталық спорт клубының нұсқаушы-спортшысы ефрейтор Аян Тұрсын әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде грэпплингтен Алматыда өткен Қазақстан чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
-
Олжас Жұмағұлов жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен Олжас Әбдімомынұлы Жұмағұлов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлады.
-
Түрікстанда ерекше фотокөрме өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда қызғалдақтар көрмесін өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл туралы брифингте табиғи парктің туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімінің басшысы Ғани Назарбек мәлімдеді.
-
«30 Еңбек Елшісі» жобасының жеңімпаздарын министрлікте жұмыс істеуге шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ғимаратында «30 Еңбек Елшісі» республикалық кәсіподақ жобасы жеңімпаздарының Қазақстан Республикасының Парламенті мен Үкіметінің өкілдерімен кездесуі өтті.
-
Ауа райы. 8 облыста дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 26 наурыз күнгі ауа райы болжамына байланысты еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жариялады.
-
Әскери зейнеткерлер баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Он жылдан жиырма жылға дейін еңбек өтілі бар 300-ден астам әскери қызметші Қазақстанның түрлі өңірлерінде жылжымайтын мүліктің меншік иесі бола отырып, қызметтік тұрғын үйді айырбастау тетігін пайдаланды.
-
Министр: Экологиялық мәселелерді бірден шешу мүмкін емес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубының төртінші отырысына қатысты. Талқылау тақырыбы экология, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және тұрақты даму мәселелері болды.
-
Ұлт жоспарын іске асыру барысы қаралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті.
-
Мәслихат депутаттары азаматтардың 500-ден астам өтінішін қабылдады
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы мәслихатының депутаттары 40-қа жуық тікелей эфир өткізіп, азаматтардың 500-ден астам өтінішін қабылдады.
-
Дзюдо. "Үлкен дулығада" ел намысын кімдер қорғайды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26-28 наурыз аралығында Грузия астанасы Тбилисиде дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі өтеді. «Үлкен дулыға» жарысына қатысатын Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасының құрамы анықталды.
-
Ұлттық биобанк құру ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының отырысында Ұлттық биотехнология орталығындағы Адам генетикасы зертханасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Мақсат Жабағин Ұлттық биобанк құруды ұсынды.
-
Сарапшы: Халыққа ауаның ластануы туралы жедел хабарлануы керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенатта Палата төрағасы Мәулен Әшімбаев пен экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің қатысуымен өткен Жас сарапшылар клубының отырысында осындай бастама жария етілді.
-
Әшімбаев: Экологиялық проблемаларды мемлекеттің қатысуымен шешу мүмкін емес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының отырысы болды. Төртінші мәрте өтіп отырған кездесудің басты тақырыбы экология, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және тұрақты даму мәселелеріне арналды.
-
Туроператор пакетіне ПТР тесттің құны кірмек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ПТР тест құны. Енді ПТР тест құны туроператор пакетіне енгізіледі.Бұл туралы Kazunin бас директоры Қуаныш Байтұрсынов мәлімдеді.
-
Бабамнан қалған қаржы емес. Сәкен Майғазиев 572 млн қайда жұмсалғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымының директоры, танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде Наурыз мейрамына 565 миллион теңге жұмсалғанына қатысты айыптауларға жауап берді.
-
Батырбеков ЯСЖТШҰ Дайындық комиссиясының жұмыс тобын басқарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толады. Осыдан тура 30 жыл бұрын ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өте маңызды тарихи құжатқа – Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды.
-
Қайраңдап қалған жүк кемесі 150 кеменің қозғалысын шектеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 наурыз күні Суэц каналында қайраңға құлаған Ever Given контейнертасығыш кемесі бір тәуліктен астам уақыт бойы 150-ден астам кеменің қозғалысына кедергі келтірді. Бұл туралы «Интерфакс» халықаралық Кемелерді орналастыру жүйесінің (AIS) мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.
-
Қазақстан оқушылары әлем ғалымдарымен бірге пластик мәселесін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұйымдастырумен онлайн форматта Х Наурыз кездесулері өтті.
-
Апатқа ұшыраған АН-26 ұшағындағылар есін жиды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы №4 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Сағи Бейсенбеков ұшақ апатында тірі қалған екі адамның денсаулығы жайлы айтты.
-
ШҚО-да қар көшкіні қаупі сейілген жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да профилактикалық қар көшкіні жалғасуда. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қостанайлық диқандардың көктемгі науқанға дайындығы қалай?
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Аймақта қарақұмық алқабы 10,5 мың гектарға дейін ұлғайтылады. Егістіктен шамамен 6 мың тонна өнім алынады. Бұл облыс халқының қарақұмық жармасына жылдық қажеттілігін жабуға жеткілікті.
-
Коронавирус. Әлемдік жағдай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың континенттік бөлігінде бір тәулік ішінде бірде-бір жұқтыру және бірде-бір өлім жағдайы тіркелмеген. ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметінше, шетелден әкелінген тек 10 ғана жаңа жұқтыру жағдайы тіркелген.
-
Алматыда халықты сауда үйлері мен базарда вакциналау қарастырылуда
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі, телемедицинаның директоры Лаура Мырзағали өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтты.
-
Тауға құс қайтып келмесе де, үні үзілмесін. Ұлытаулық шебер ерекше аспап дайындады
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Музыкa aдамның асқақ, асыл ойлары, ізгі тілектері, қуанышы, қайғы-қасіреті мен әртүрлі сезімдері бейнеледі. Тaрихи деректерге жүгінсек, халық өнерінің қоры шексіз де, музыкaлық aспaптaрдың түрі көп болған. Сол ұмыт болған қaзaқ хaлқының aспaптaрын қaйтa жaңғыртып, олардың кең түрде нaсихатталуынa еңбек сіңіріп жүрген шебер, музыкан Азамат Бақиямен тілдесіп көрген едік.
-
Алматыда эпидемиологиялық жағдай жаман емес
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі, телемедицинаның директоры Лаура Мырзағали өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте қаланың эпидемиологиялық ахуалы жайлы баяндады.
-
Мамандандырылған ХҚКО жұмысы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық базасы қалпына келгендіктен, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданды. Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет баспасөз қызметі хабарлады.
-
Тоғжанов: Жер мәселесіне қатысты 60-тан астам ұсыныс түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысы барысында айтты.
-
Автогаз бағасының қымбаттау себебі талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен аптада Open Space алаңында Алматы облысы бойынша монополияға қарсы департамент автогаз сататын нарық субъектілерінің өкілдерімен бірге газ бағасын талқылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.
-
Қазыбек бидің парасаттылық қағидаттары талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әділдік, парасаттылық қағидаттары және дала данышпаны, Қазақ хандығының көрнекті саяси қайраткері Қазыбек бидің дана сөздері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағатына» арқау болды.
-
Үкімет Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін белгіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру шеңберінде ҚР Үкіметі Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін белгіледі.
-
Тағы да жол апаты. Тағы да кісі өлімі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде екі жеңіл көлік соқтығысып, 3 адам қайтыс болды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов мәлімдеді.
-
Жер мәселесі: Журналист қандастарға азаматтық беру жолдарын жеңілдетуді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат шетелден көшіп келетін азаматтарға азаматтық беру жолдарын жеңілдету, тездету керек деген пікір білдірді.
-
«Бала дауысы» ұлттық байқауы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Нұрсұлтан Назарбаев қоры 8-12 жас аралығындағы дарынды балаларды «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының алтыншы маусымына шақырады.
-
Алматыда вакцинациядан кейін дәрігер коронавирус жұқтырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда дәрігер COVID-19-ға қарсы вакцинациядан кейін коронавирус жұқтырған. Дәрігер бұл туралы өзінің Іnstagram-дағы парақшасында жазды.
-
100 жаңа есім: дауыс беру басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «100 жаңа есім» жобасының IV маусымы қатысушыларына жалпыхалықтық дауыс беру 25 наурызда басталды.
-
Облыс, аудан басшыларының туған-туыстары жер иеленіп отыр - заңгер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында «Bazarbek & Partners» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, заңгер, жер құқығының сарапшысы Бақытжан Базарбек әр облыста, әр ауданда аудан әкімінің орынбасары, яғни жер комиссиясының төрағасы, жер қатынастары басшысының туған-туыстары, ауыл шаруашылық бөлімі басшысының туған-туысқандары жерлерді алып отырғанын айтты.
-
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет еліміз бойынша 2021 жылғы 26-28 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Заңды айналып өтудің жақсы амалын тапқан. Заңгер жергілікті атқарушы органдар туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында «Bazarbek & Partners» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, заңгер, жер құқығының сарапшысы Бақытжан Базарбек жерді пайдаланудағы негізгі мәселелерді атады.
-
Тоқаев Маминді қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент ҚасымЖомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Латифундистерге жерді жалға беруде ең жоғары шегін белгілеу керек – саясаттанушы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өтіп жатқан Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысы барысында саясаттанушы Расул Жұмалы айтты.
-
Үш ай бойы космомониторинг «соқыр» болып тұр. Тайжан министрге сұрақ қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров қоғам қайраткері Мұхтар Тайжанның сауалына жауап берді.
-
Қазақстан футболшылары Түркиядағы турнирді жеңіспен бастады
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Түркияда 21 жасқа дейінгі құрамалар арасында Antalya Cup-2021» турнирі басталды.
-
Әкімдердің жерді өздері бөліп, өздері бақылап, өздері баға беруі дұрыс емес – Әбенов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өтіп жатқан Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысы барысында қоғам қайраткері Мұрат Әбенов айтты.
-
Депутат аграрлық салаға жағдай жасалса, инвестициялық сұраныста болатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің хатшысы Ақылбек Күрішбаев мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жер ресурстарымыздың жекеменшікте емес, тек қана мемлекеттік меншікте болғаны маңызды деген пікірде.
-
Күнбағыс майы бір жылда 1,5 есе қымбаттаған
Алматы, BAQ.KZ. Осы жылдың ақпан айында еліміздегі базарлар мен дүкендерде күнбағыс майы 625 теңгеден сатылған, бұл өткен жылға қарағанда 44,5% қымбат. Бұл туралы Еnergyprom зерттеу агенттігі хабарлады.
-
Шаруа: Бес мың шаруаның атынан айтамын, бүгінгі қолдауларыңыз – шала
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өтіп жатқан Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысы барысында Қазақстан ұлттық мал өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев айтты.
-
Тоқаев Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
-
Қапшағай-Бақанас жолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қайтыс болды
Алматы, BAQ.KZ. қайғылы оқиға 24 наурыз күні Қапшағай-Бақанас жолының 51-ші шақырымында болған. Бұл туралы Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жер комиссиясының отырысында 5 мәселе ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Жигули Дайрабаев 5 жылға созылған жер дауына нүкте қойғанын тарихи жетістік екенін айтып, комиссияның күн тәртібіне 5 мәселені енгізуді ұсынды.
-
Мұхтар Тайжан: ҚР азаматтығын беру мәселесін қатаңдату керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өтіп жатқан Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысы барысында қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан айтты.
-
Ақсу-Жабағылы қорығында қар барысы фототұзаққа түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында қар барысы тағы да фототұзаққа түсті. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жер мәселесі: Мораторий биыл 31 желтоқсанда аяқталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Жер комиссиясының бүгінгі отырысының күн тәртібіне тоқталды.
-
Мамандандырылған ХҚКО жұмысы уақытша тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызмет көрсету үрдісі уақытша тоқтатылды.
-
15,4 млн гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері анықталды – Омаров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров 15,4 млн гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері анықталғанын айтты.
-
Ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс арқылы беру тәртібі әзірленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жерді пайдалану саласында атқарылған жұмыстар жайында баяндап берді.
-
Токио Олимпиадасының алауы тұтанды
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Жапонияда Олимпиада алауының эстафетасын бастау рәсімі басталды. Бұл туралы NHK телеарнасы хабарлады.
-
Министр Жер кодексіне қандай өзгерістер енгізілгенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жерді пайдалану саласында атқарылған жұмыстар жайында баяндап берді.
-
Жыл басынан бері көпбалалы аналар 45,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы қаңтардан ақпанға дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 45,6 млрд теңгеге орта есеппен 433,6 мың отбасы қамтылды. 2021 жылғы ақпанда жәрдемақының бұл түрін 436,9 мың отбасы жалпы сомасы 23,1 млрд теңгеге алды.
-
Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды.
-
Елімізде қай банкнотты қолдан көп жасайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылмен салыстырғанда, Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер анықтаған жалған ақшалар көлемі былтыр 38%-ға азайды және 823 жалған банкнот пен монетаны құрады (2019 жылы 1 319 банкнот пен монета).
-
Сағынтаев мектептер және жолайрық құрылысының барысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдар салынып жатқан бірқатар ықшамаудандарды аралады, сондай-ақ аумақтарды абаттандыру жобаларымен танысты.
-
COVID-19. Атырау облысы қайта «қызыл» аймаққа енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Назарбаев Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
-
107 341 адам КВИ-ға қарсы вакцинаның 1 компонентін қабылдаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 25 наурыздағы халықты КВИ-ға қарсы вакцинациялау жайында ақпаратты жариялады.
-
КВИ белгілері бар пневмонияның 6 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 25 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады.
-
COVID-19. Коронавирус пен пневмониядан 14 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 25 наурыздағы ақпаратты жариялады.
-
Тоқаев ҚХА жиырма тоғызыншы сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды.
-
Испания AstraZeneca вакцинасын егу ісін қайта жандандырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испания AstraZeneca вакцинасын егу ісін қайта жандандырды, деп хабарлайды 24.kz.
-
Коронавирус. 835 адам індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 835 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
-
Елімізде өткен тәулікте 1105 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 1105 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
-
Шығыс Еуропада коронавирус індеті өршіп тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID індетінің үшінші толқынымен күресіп жатқан Еуропа елдерінде жағдай қайта ушыға бастады. Польша, Украина мен Болгарияда соңғы күндері коронавирус жұқтырғандар мен одан көз жұмғандар саны күрт артты.
-
Жұмағұлов келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады
-
Солтүстік Қазақстанда COVID-19-дың таралуы 35% төмендеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында COVID-19-дың таралу деңгейі 35%-ға төмендеген. Бұл туралы Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлім етті.
-
Елордада бір тәулікте 75 жол апаты тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда аумағында өткен тәулікте 75 жол-көлік оқиғасы тіркелді, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
БҚО-да еріген қар суы жолды шайып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында еріген қар суы жолдың үстіне шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
-
ШҚО өзендерінде мұз жару жұмыстары жүргізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы 11 учаскеде мұз жару жұмыстары жүргізілді.
-
Еліміздің тоғыз өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның басым аумағында ертең ауа райы құбылмалы болады, елдің батысында нөсер жаңбыр мен қалың қар жауады деп болжануда.
-
Қажымұқанның 150 жылдығына орай «Өнер барысы» өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай қазақ күресінен «Өнер барысы» жобасы өтті.
Наверх