Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық базасы қалпына келгендіктен, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданды. Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет баспасөз қызметі хабарлады.
Естеріңізге салсақ, бүгін ҚР ІІМ ӘПК-нің базасында ақаулықтар болғандықтан, мамандандырыған ХҚО қызметі уақытша тоқтатылған еді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарының арқасында база іске қосылып, автоХҚО-лар штаттық тәртіпте жұмысын жалғастыруда - делінген хабарламада.