Солтүстік Қазақстанда COVID-19-дың таралуы 35% төмендеген

25 Наурыз 2021, 05:28
1391
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстанда COVID-19-дың таралуы 35% төмендеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында COVID-19-дың таралу деңгейі 35%-ға төмендеген. Бұл туралы Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлім етті.

Үстіміздегі аптаның 2 күнінде өңірде КВИ-дың 25 жағдайы тіркелген. Өткен аптаның осы кезеңімен салыстырғанда індеттің таралуы 35%-ға төмендеуі байқалған. Барлық жағдайлардың 92%-ы эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталған.

Бұл дәрігерлер мен жедел медициналық көмек бригадалары шағымданған адамдарға мұқият тексеру жұмыстарын жүргізгіп, коронавирустың белгілерін уақтылы, әрі дәл анықтағандарын көрсетеді. Нәтижесінде емдеуді дер кезінде тағайындау мен науқасты қоғамнан уақытылы оқшаулауға мүмкіндік береді.

Пандемия басталғаннан бері аймақтағы ауырғандардың басым көпшілігі – жұмыс істейтін адамдар – 34%, зейнеткерлер – 25%, жұмыс істемейтіндер 17% арасында байқалуда.

Коронавируспен көбінесе 60 жастан асқан адамдар ауруда – жергілікті халықтың 29%, 50-59 жас аралығында – 19%, 14 жасқа дейінгі балалар 8% құраған.

Өзгелердің жаңалығы