Алматыда эпидемиологиялық жағдай жаман емес

25 Наурыз 2021, 15:55
2174
Бөлісу:
Алматыда эпидемиологиялық жағдай жаман емес

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі, телемедицинаның директоры Лаура Мырзағали өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте қаланың эпидемиологиялық ахуалы жайлы баяндады. 

Оның айтуынша, наурыз айынна бастап қалада вирус жұқытру жағдайы артқан, оған мерекелік жиындар әсер еткен көрінеді.

Наурыздың 5-8 аралығында көпшілік эпидеиологиялық жағдайды дұрыс сақтамағандықтан аурулары саны артты. Сондықтан біз төсек-орындарын толтыруды 30 пайыз деңгейінде ұстап тұру үшін 1 866 орынды 3400-ге дейін көбейттік. Басқа ауруханаларда да қала тұрғындарына жедел көмек көрсету үшін төсек орындары тағайындалған,-дейді ол. 

Сонымен қатар ол Алматы қаласының «қызыл» аймаққа ен себебін түсіндірді.

Қазір күн жылынды, өңірлерден қалаға жұмыс істеуге адамдар көптеп келе бастады. Құрылыс және вахталық жұмыс маусыма басталып жатыр. Осыған байланысты жүріс-тұрыс та көбейді. Дегенмен қалада қорқатындай дүрбелең жоқ. Бастысы қауіпсіздік шараларын сақтау керек,-дейді Л. Мырзағали.  

Қазір қалада 2 246 науқас коронавиурс инфекциясы бойынша ем алып жатыр екен. Оның 238-і соңғы тәулікте түскен. Оған қоса стационардан 98 науқас жазылып шыққан. Адамдар көбінде ауруын елемей жүріп қалады екен. Ауруханаға түсіп жатқандар негізінен 70 жастан асқан адамдар.

Өзгелердің жаңалығы