Тоқаев ҚХА жиырма тоғызыншы сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

25 Наурыз 2021, 09:00
1625
Бөлісу:
Тоқаев ҚХА жиырма тоғызыншы сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясы 2021 жылғы 28 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев орталығында «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» күн тәртібімен шақырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                                               Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 20 наурыз

                            № 175

Өзгелердің жаңалығы