Түрікстанда ерекше фотокөрме өтеді

25 Наурыз 2021, 20:50
1614
Бөлісу:
Түрікстанда ерекше фотокөрме өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда қызғалдақтар көрмесін өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл туралы брифингте табиғи парктің туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімінің басшысы Ғани Назарбек мәлімдеді.

Фотокөрмеде өңіріміздегі барлық қызғалдақ түрлері келушілер назарына ұсынылмақ. Айта кетерлігі, жуық арада бүр жаратын қырмызы қызғалдақтарды жұлғандарға заң аясында жауапкершілік қарастырылған.Сондықтан, тау бөктерінде жайқала өскен дала гүлдеріне, табиғатқа зиян тигізбеген абзал - дейді ол.

«Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік паркі аумағында өткен жылы 14 орман өрт оқиғасы тіркелген. Ал, сұғанақтыққа 300 рет рейдтік тексеру жұмыстары жүргізіліп, 152 заң бұзушылық анықталған.

Заңсыз аң аулау, орман заңдылықтарын және балық қорын қорғау ережелерін бұзу дерегімен 130 оқиға бойынша 1 млн 93 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Биыл да жыл басынан бері 40 рет рейдтік тексеру жұмыстары жүргізіліп, 19 заң бұзушылық анықталған. Өңірлік табиғи паркке қарасты 5 тұрақты және 1 уақытша орман тұқымбағында бүгінгі таңда 1 742 016 мың дана стандартты көшеттер өсірілуде.Тұқымбақтардың жалпы көлемі 56 гектар. Паркте сүтқоректілердің шамамен 46 түрі мекендейді, оның ішінде тас сусары, арқар, үнді жайрасы, ақ бауыр жарқанат, кеңқұлақты жарқанат Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Өсімдіктердің шамамен 850 түрі болса, оның 42 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген, - деді Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің маманы Қайрат Карибаев.

Өңірлік паркте туристік бағыттағы жалпы ұзындығы 162,85 шақырым серуендеу, танымдылық және спорттық-сауықтыру мақсатына арналған аумақ бар. Былтыр парк аумағына 4 мыңға жуық адам кіргізіліп, көрсетілген қызмет көлеміне сай парк есеп-шотына 1 090 876 теңге қаржы түскен.

Өзгелердің жаңалығы