Апатқа ұшыраған АН-26 ұшағындағылар есін жиды

25 Наурыз 2021, 17:00
1384
Бөлісу:
Апатқа ұшыраған АН-26 ұшағындағылар есін жиды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы №4 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Сағи Бейсенбеков ұшақ апатында тірі қалған екі адамның денсаулығы жайлы айтты.

Науқастардың жағдайы тұрақты ауыр, реанимация жағдайында бақылауда. Екі науқас та есін жиды, - дейді Сағи Бейсенбеков.

Еске салсақ, наурыздың 13 күні Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында ұшып келе жатқан АН-26 әскери ұшағы Алматы әуежайы маңында апатқа ұшыраған. Бортта 6 экипаж мүшесі болды, оның 4-еуі қаза тауып, 2-еуі ауыр жарақатпен №4 қалалық ауруханаға жеткізілген.

Өзгелердің жаңалығы