Қазақстан футболшылары Түркиядағы турнирді жеңіспен бастады

25 Наурыз 2021, 12:44
1679
Бөлісу:
Қазақстан футболшылары Түркиядағы турнирді жеңіспен бастады

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Түркияда 21 жасқа дейінгі құрамалар арасында Antalya Cup-2021» турнирі басталды.

Бұл жарысқа Қайрат Нұрдәулет жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасы да қатысып жатыр. Олар алғашқы ойында Солтүстік Македониядан басым түсті.

Қазақстан сапынан екінші таймда «Астана» қорғаушысы Сағи Совет пен «Тараз» жартылай қорғаушысы Абылайхан Жұмабек мергендік танытты.

Жерлестеріміздің келесі ойыны 26 наурызға белгіленген. Қарсыласы - Болгария U-21 құрамасы. Кездесу елорда уақытымен 20:00-де басталады.

Солтүстік Македония U-21 – Қазақстан U-21 – 1:2

Қазақстан сапынан гол соққандар: Сағи Совет - 55, Абылайхан Жұмабек - 71.

Қазақстан U-21: Данил Устименко, Сағи Совет, Дінмұхамед Қашкен, Әділбек Жұмаханов, Лев Скворцов – Жасұлан Қайыркенов, Сұлтан Сағынаев (К), Андрей Ульшин, Арман Кеңесов, Владислав Прокопенко, Максим Скорых;

Қосалқы құрам: Дінмұхамед Жомарт, Шахсұлтан Зубайділдә, Аслудин Хаджиев, Микаэль Асқаров, Арсен Буранчиев, Дмитрий Бачек, Дінмұхамед Қараман, Бекзат Иманғазиев, Алияр Мұхаммед, Абылайхан Жұмабек.

Өзгелердің жаңалығы