Ауа райы. 8 облыста дауылды ескерту жарияланды

25 Наурыз 2021, 20:20
1477
Бөлісу:
Ауа райы. 8 облыста дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 26 наурыз күнгі ауа райы болжамына байланысты еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жариялады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Кей жерлерде тұман түседі. Батыстан соққан желлдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Қызылорда қаласында найзағай жарқылдап, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде мол мөлшерде қар жауып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Өскемен қаласында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысып, түнде екпіні 15-18 м/с дейін жетеді.

Семей қаласында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысып, түнде екпіні 15-18 м/с болады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде мол мөлшерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желлдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Жезқазған қаласында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан екпіні 15 м/с болатын жел соғады.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Шығыстан соққан желлдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде таңертең және нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Шымкент қаласыда түнде және таңертең нөсер жауып, кей уақытта найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан қаласында найзағай жарқылдап, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр), тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады. Күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғып, таңертең кей жерлерінде тұман түседі. Желдің бағыты солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерінде 15-20 м/с болады.

Өзгелердің жаңалығы