Испания AstraZeneca вакцинасын егу ісін қайта жандандырды

25 Наурыз 2021, 08:41
1312
Бөлісу:
Испания AstraZeneca вакцинасын егу ісін қайта жандандырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испания AstraZeneca вакцинасын егу ісін қайта жандандырды, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл ел аталған вакцинаны қолдануды өткен аптада тоқтатып қойған болатын. Себебі оны салдырған кейбір адамдардың қаны қоюланған. Кейін Еуропаның Дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі одан зиян жоқ екенін растап, қолдануға рұқсат берді. 

Испания негізі бұл препаратты әртүрлі қызметкерлерге, ал «Файзер» мен «Модерна» вакциналарын науқастар мен қарияларға егіп жатыр еді. Енді AstraZeneca-ны 65 жасқа дейінгі қарттарға да салуға рұқсат етілді. 

Екпе салдыруға өз басым қорықпаймын. Вакциналардың болғаны жақсы. Тек препаратты қолдану нұсқаулығында көрсетілген кері әсерлер болмаса болғаны, – дейді мемлекеттік қызметші Хосе Мануэль Плаза.  



 

Өзгелердің жаңалығы