Все новости за 27 қыркүйек 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Түркі академиясы Низами Гәнжауи шығармаларының таныстырылымын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан қаласында Халықаралық Түркі академиясы Низами Гәнжауидің туғанына 880 жыл толуына орай «Шығыстың шоқ жұлдызы» атты алқалы жиын ұйымдастырды.
-
Қазақстан мен Сауд Арабиясы энергетика саласындағы инвестициялық жобаларды талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Сауд Арабиясы Корольдігінің инвестициялар министрі Халид бен Абдулазиз әл-Фалихпен кездесу өткізді.
-
Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК Басқарма төрағасы болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Компания Директорлар кеңесінің шешімімен Айымбетов Айдын Ақанұлы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы лауазымына тағайындалды.
-
Министр: Топырақтың құнарлылығын бақылау - мемлекеттің міндеті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығына барып, мекеме жұмысымен және елдің топырақ құнарлылығының жай-күйі туралы ақпаратпен танысты.
-
Эпиджағдай оңала бастады деп босаңсуға болмайды - Тоғжанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады. Оның айтуынша, коронавирус инфекциясы салдарынан орын алған эпиджағдай біршама жақсарғанымен, босаңсуға жол жоқ көрінеді.
-
Pfizer вакцинасы 12 жасқа толмаған балаларға салынуы мүмкін бе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, Pfizer вакцинасын жеткізу биыл төртінші тоқсанға жоспарланып отырған көрінеді.
-
Биылдан бастап Ұлттық кеңес оқуға түсу квотасының ауқымын кеңейтуді қолға алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Саяси реформаларды әзірлеу және ілгерілетумен қатар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысы Президент алға қойған түрлі әлеуметтік бастамаларды іске асыруға бағытталған. Бұл туралы Мемлекет басшысының көмекшісі Ерлан Қарин хабарлады.
-
Карантин. Талапты орындамағандарға айыппұл салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің, әкімдіктердің, қоғам белсенділері менполиция қызметтерінің өкілдері мемлекеттік органдар айқындаған санитариялық-карантиндік іс-шараларды сақтау тұрғысынан ШОБ объектілеріне мониторинг жүргізу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.
-
Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында VI Спартакиада басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында еліміздің VI Спартакиадасының ресми ашылу рәсімі өтті.
-
Түркі кеңесінде Ауғанстан мәселесі талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінің Ауғанстандағы ахуал жөніндегі Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысты.
-
Елбасы Күләш Шәмшидинованы қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованы қабылдады. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.
-
АҚШ еліміздің адам саудасымен күресіне оң баға берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев АҚШ-тың Қазақстандағы өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесті. Тараптар мамандарды даярлау саласындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті.
-
Елбасы: Ердоған екеуміз үнемі байланыстамыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Жиналысының спикері Мұстафа Шентоппен кездесті. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.
-
Бізге КВИ-ге қарсы ревакцинация қажет пе? Дәрігер шет елдер тәжірибесімен бөлісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық дәрігер Александр Шинкаренко коронавирусқа қарсы қайта вакцинациялау туралы пікірімен бөлісті.
-
Антикор экология саласындағы 80-ге жуық істі сотқа жолдаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде ведомство басшылығының, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қатысуымен көшпелі кеңес өткізді.
-
БҒМ «Ұстазыңды құттықта!» акциясын бастайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Педагогтердің кәсіби мерекесі қарсаңында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» челленджін бастайды.
-
Велоспорттан әлем чемпионаты аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19-26 қыркүйек аралығында Бельгияның Фламанд аймағында велоспорттан 94-әлем чемпионаты өтті. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
-
Әлеуметтік төлемдерді цифрландыруда қандай жаңашылдықтар енгізілді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде Қазақстанның әлеуметтік саласының алдында цифрландыруды күнделікті пайдалану міндеті тұр. Бұл бағытта сенімді қадамдар жасалуда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) қызметтерінің ерекшелігі – адамның дүниеге келген сәтінен бастап зейнетке шығуы, бақилық болуы кезеңіндегі мемлекеттік қызметтерді қамтиды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаментінің директоры Анар Төлеубаеваның сөзінше, осыған орай әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру арқылы еліміздің барлық санаттағы азаматы үшін қолайлы мүмкіндіктер жасау көзделген.
-
Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 46,7%-ы саяхаттағысы келетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты қазақстандықтардың саяхат туралы пікірін білді.
-
TiJi мультфильмдері қазақ тілінде болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Groupe M6 компаниясының телеарналар мен радиостанциялар портфелін халықаралық дистрибуциялау жөніндегі директоры Жан-Рене Окутюрьемен және Халықаралық дистрибуция жөніндегі директоры, «Лти Восток» бас директоры Мария Жабина-Пантеликпен жемісті кездесуі өтті.
-
Мүгедектік бойынша жаңа жәрдемақы қашан төленеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің баспасөз орталығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мүгедектік бойынша жаңа жәрдемақы қашан төленетінін мәлімдеді.
-
Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Жеңіс Әлібекұлы Өсербай Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды.
-
Мектептерде коронавирус жағдайы қалыпты – БҒМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
-
Алматы оқушылары латын қарпімен шығарма жазды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы мектептері латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін жетілдіру бойынша жұмысты бастап кетті. Білім ордалары «Алматы тарих тағылымында» тақырыбында латын қарпімен шығарма жазу акциясын өткізді.
-
«Айбын» онлайн жиынына қалай тіркеледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Серік Борамбаев Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Аймағамбетов директорлардың ротациясы қашан басталатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің баспасөз орталығында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов директорлардың ротациясын қашан басталатынын айтты.
-
Асхат Аймағамбетов: Мұғалімдерді санаққа тартқандарға қатаң шара қолданылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің баспасөз орталығында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді санаққа тартқандарға қатаң шара қолданылатынын айтты.
-
Министр Цой елде неліктен той жасауға рұқсат етілгенін түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой неліктен коронавирус пандемиясы кезінде елімізде той өткізуге рұқсат етілгенін түсіндірді. Ол жиын-тойға рұқсатқа вакцинацияның қарқынды жүргізілуі себеп болғанын алға тартты.
-
Жасөспірімдер арасында «Жас Сарбаз – жас тілшісі» медиа байқауы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриотық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Аймағамбетов мектептерде неліктен алты күндік сабақ өтіп жатқанын түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің баспасөз орталығында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елорда мектептеріндегі алты күндік сабақты түсіндірді.
-
Жетімдер үйін тексеру бойынша қандай шаралар қолға алынғаны айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің баспасөз орталығында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балаларды қорғау, жетімдер үйін тексеру бойынша қандай шаралар қолға алынып жатқаны туралы айтып берді.
-
Борамбаев биылғы «Айбын» жиынындағы ерекшеліктер туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Серік Борамбаев Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
QazVас қандай штамдарға қарсы тұра алады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады. Оның айтуынша, QazVac вакцинасы «дельта» штамға қарсы тұра алады және аталған штамға қарсы отандық вакцина қазан айында шығарылады.
-
Алматы облысында «Көшбасшы» жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Елдар Сапаров бүгіннен бастап «Көшбасшы» жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталғанын мәлімдеді.
-
Биыл «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны қалай өтеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Серік Борамбаев Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Көпбалалы отбасыға төленетін жәрдемақы барлығына бірдей берілуі керек пе? – Министр жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің баспасөз орталығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов көпбалалы отбасыға төленетін жәрдемақы барлығына бірдей берілуі керек дегенге қатысты пікірін білдірді.
-
Қазақстанда медициналық бұйымдарды сынақтан өткізетін орталық бой көтереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады.
-
Тоқаев пен Путин Көкшетауда өтетін XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Көкшетау қаласында онлайн-форматта өтетін екі ел арасындағы XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.
-
QazVac вакцинасының бір айлық дозасы 750 мыңға дейін ұлғайтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады.
-
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-дан төлем алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 82,6 мың адамды құрады. Бұл ретте биылғы жылы 58,8 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды.
-
Министр елімізде вакцина салдырған қанша адам қайтыс болғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, биыл 1 ақпаннан бастап тамыз айының соңына дейін вакцинацияланған адамдардың 5%-ы о дүниелік болған.
-
Қазақстан мектептерінде қанша мұғалім жетіспейді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің баспасөз орталығында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалім тапшылығы қай аймақта бар екенін айтты.
-
Елімізде коронавирусқа қарсы ревакцинация қашан басталады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Сондай-ақ ол ревакцинация мәселесі әлем мемлекеттерінің барлығында орын алғанын хабарлады.
-
Елімізге Pfizer вакцинасының қашан әкелінетіні белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады. Оның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген вакциналарды сатып алуды жеделдету бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
-
Министр жекеменшік БАҚ-та істейтін журналистерге неліктен жәрдемақы төленбегенін түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің баспасөз орталығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов жекеменшік БАҚ-та істейтін журналистерге неліктен әлеуметтік төлем төленбегенін түсіндірді.
-
Алматыдағы ауруханада жанжал шығарған ер адам көпшіліктен кешірім сұрады
Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасында төбелес шығарған мас адам кешірім сұрады.
-
Алиментті қалай өндіріп алуға болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы заңгер, ерекше баланың әкесі Михаил Скриптон «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасының қорытындысы туралы өткен брифингте айтты.
-
Биыл 200-ден астам мектеп салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады. Оның айтуынша, тәуелсіздік жылдары елімізде 1900-ге жуық жаңа мектеп бой көтерген.
-
Алматыда «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовты еске алды
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовқа арналған бұрыштама тақта ашылды.
-
Президент Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестиция министрін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу барысында сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту және инвестиция тарту мәселелері талқыланды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Кез келген азамат әлеуметтік желілер арқылы ақпарат тарата алады – Ойшыбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Astana Media Week – 2021» апталығы аясында өткен «Медианы дамыту стратегиясы» тақырыбындағы дөңгелек үстелде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев айтты.
-
Партияның халық алдындағы барлық міндеттемесі уақытылы орындалуы тиіс – Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин «Nur Otan» партиясы бағдарламасының 2021 жылға арналған нысаналы индикаторларының орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
-
Екі ел Парламенттері арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың маңызы зор – Әшімбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенатта Мәулен Әшімбаев Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының төрағасы Мұстафа Шентоппен кездесті. Сенат төрағасы кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас стратегиялық әріптестікке, сондай-ақ тарих, мәдениет және тілдердің ортақтығына негізделгенін атап өтті.
-
Министрлік салалық журналистиканы дамытуда ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр – Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Astana Media Week – 2021 форумында айтты.
-
«Дағдарысқа тап болған» отбасыларға қандай көмек көрсетіледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасының қорытындысы белгілі болды. Мамандар жобаның жүзеге асырылуы туралы пікір білдірді.
-
Балаева БАҚ-та әлеуметтік тақырыптарды қалай тарату керегін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Astana Media Week – 2021 форумында әлеуметтік тақырыптарды БАҚ беттерінде дұрыс таратудың маңыздылығы туралы айтты.
-
Бейсен Құранбек әлеуметтік журналистиканың дамуына көп еңбек сіңірді – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл екінші рет ұйымдастырылған Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» байқауының жүлдегерлері анықталды, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.
-
Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастар өзара сенім мен достыққа негізделген – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Түркия Ұлы ұлттық жиналысының төрағасы Мұстафа Шентопты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Сауд Арабиясының компаниялары елімізде инвестиция көлемін арттырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.
-
Ақтауда адамдар мінген лифт шахтаға құлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған оқиға Ақтау қаласы 17 ықшамаудандағы «Aktau Plaza» тұрғын үй кешенінде болған. Бұл туралы lada.kz хабарлады.
-
Алматы ауруханаларында коронавируспен 2 мыңнан астам адам жатыр
Алматы, BAQ.KZ. 26 қыркүйек күні қалада 485 адамнан коронавирус анықталды, оның 432-де ауру белгілері бар, ал 53-де симптомсыз.
-
Нығматулин мен Мұстафа Шентоп әріптестіктің негізгі басымдықтарын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин елімізге ресми сапармен келген Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының төрағасы Мұстафа Шентоппен кездесіп, екі ел Парламент өкілдерінің өзара іс-қимылын тереңдету туралы уағдаласты.
-
Жамбылдағы жарылыс: Қайтыс болғандардың туыстарына қандай көмек көрсетіледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысындағы әскери бөлімшеде болған жарылыс салдарынан қайтыс болған және жарақат алған қызметкерлерге қандай қаржылай көмек көрсетіледі?
-
Балаларды көліктің алдыңғы орындығында тасымалдаудың 5 мыңнан астам жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.
-
Сотталғандардың қандай тәртіптерді бұзғаны анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.
-
Елордада Astana Media Week – 2021 апталығы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Astana Media Week – 2021» апталығы басталды.
-
Балқаш тұрғыны кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.
-
Адам саудасы: 70-ке жуық қылмыс жасалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.
-
Алдағы уақытта QazVac вакцинасы Сауд Арабиясында өндірілуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында Ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы өтті.
-
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентін құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовке жеделхат жолдады. Онда барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Түрікменстанның көшбасшысы мен түрікмен халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаған.
-
«Жігер-2021» сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева танымал қазақстандық журналист, тележүргізуші, қоғам қайраткері Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» - 2021 сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты.
-
Жамбылдағы жарылыс. Құтқарушылардың отбасыларына 20 млн теңгеден беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараздағы жарылыс кезінде қаза тапқан әрбір құтқарушының отбасы 20 миллион теңгеден алады. Сонымен қатар сақтандыру төлемдері де қарастырылған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин «Хабар 24» телеарнасындағы «Ұлттық мүдде» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
-
Алматыда араққа сылқия тойып алған еркек ауруханада лаң шығарды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда мас еркек ауруханада төбелес шығарып, полицейлерді балағаттады.
-
173 мұғалім жылдың «Үздік педагогі» атағына үміткер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 173 мұғалім 2021 жылдың «Үздік педагогі» атағына үміткер. Бүгінгі таңда республикалық комиссия үздіктерді таңдау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Кәсіби мереке қарсаңында еліміздің елуден астам мұғалімі «Үздік педагог» атағына ие болады.
-
Өткен тәулікте елге 6 030 жолаушы келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 26 қыркүйек күнгі халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жариялады.
-
6th Aphrodite Cup. Көркем гимнастикадан ел спортшылары бақ сынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көркем гимнастикадан қазақстандық спортшылар 6th Aphrodite Cup додасының финалына қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Шымкенттік тұрғын пәтер аламын деп 900 мың теңгесінен айырылып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттік тұрғын пәтер аламын деп 900 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Маңғыстау облысының әкімдігі малға құдық қазуға қосымша субсидия бөлу мүмкіндігін қарастыруда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 қыркүйекте өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен облыстағы ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланған жиын өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Елде 6,4 млн-нан астам адам екпенің екі дозасын да салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 қыркүйек күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
Эпидахуал. 3 өңір «жасыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
COVID-19. 895 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 27 қыркүйектегі ақпаратты жариялады.
-
Елде бір тәулікте пневмониядан 5 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға қатысты соңғы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Өткен тәулікте 2202 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 2202 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 1878 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1878 адамнан ПТР арқылы коронавирус анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Наверх