Жамбылдағы жарылыс. Құтқарушылардың отбасыларына 20 млн теңгеден беріледі

27 Қыркүйек 2021, 11:01
15440
Бөлісу:
Жамбылдағы жарылыс. Құтқарушылардың отбасыларына 20 млн теңгеден беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараздағы жарылыс кезінде қаза тапқан әрбір құтқарушының отбасы 20 миллион теңгеден алады. Сонымен қатар сақтандыру төлемдері де қарастырылған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин «Хабар 24» телеарнасындағы «Ұлттық мүдде» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

ТЖМ басшысы осы жылдың тамыз айының соңында оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстар кезінде қаза тапқандарға материалдық көмек сомасы неден құралатынын айтты.

Үкімет тарапынан қаза тапқан әрбір отбасына 10 миллион теңге аудару туралы шешім қабылданды. 5 миллион теңге жергілікті бюджет есебінен. Біз бір күндік жалақымызды ерікті түрде аудардық. ТЖМ есебінен 5 миллион теңгеден аударылады, ерікті түрде. Сонымен қатар, емдеуді қажет ететін азаматтарға көмек көрсетіледі. Зардап шеккендердің отбасыларына бізде міндетті сақтандыруы бар болғандықтан 60 айлық жалақы төленеді. Мұнда мұрагерлік құқықты заңнамалық тұрғыда анықтау үшін көптеген нюанстар бар, содан кейін оларға осы көмек көрсетіледі, - деді Юрий Ильин.

Айта кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысында қайғылы оқиға болды. Байзақ облысындағы әскери бөлімде өрт шығып, арты жарылысқа ұласты. Салдарынан 17 адам қаза болып, 100-ге жуық адам жарақаттанды. 
Өзгелердің жаңалығы