Карантин. Талапты орындамағандарға айыппұл салынады

27 Қыркүйек 2021, 21:27
8211
Бөлісу:
Карантин. Талапты орындамағандарға айыппұл салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің, әкімдіктердің, қоғам белсенділері менполиция қызметтерінің өкілдері мемлекеттік органдар айқындаған санитариялық-карантиндік іс-шараларды сақтау тұрғысынан ШОБ объектілеріне мониторинг жүргізу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. 

Мониторинг негізінен қоғамдық тамақтану, сауда нысандары, сонымен қатар адамдардың көп шоғырлануымен бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарды қамтиды - делінген Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті таратқан ақпаратта.              

Биылғы 01 қаңтар мен 25 қыркүйек аралығында еліміздің барлық өңірлері бойынша 180 998 рейдтік тексеру жүргізілді, 975 124 объект қамтылды. Оның ішінде карантин талаптарын бұзушылық 26 667 (2,7%) нысанда анықталды. Соның ішінде басым бөлігі ШҚО-да (5 344), Түркістан (4 399), Қарағанды (1 660) облыстарында, Алматы (3 906), Шымкент  (2 452), Нұр-Сұлтан  (1 580) қалаларында анықталды.

Негізгі бұзушылықтар: карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілердің жұмыс істеуі, қонаққа бару кезінде шектеу режимінің сақталмауы, карантиндік режим талаптарына жауап бермейтін бұқаралық іс-шаралар өткізу.

4 067 жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 3 742 ұйғарым берілді, 392 материал сотқа жолданды, 113 нысанның қызметі тоқтатылды. Әкімшілік санкциялар 15 086 нысанға және 9 833 жеке тұлғаға салынды, жалпы сомасы 2 млрд теңгеден астам айыппұл өндірілді.

Өзгелердің жаңалығы