Министрлік салалық журналистиканы дамытуда ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр – Балаева

27 Қыркүйек 2021, 14:15
3617
Бөлісу:
Министрлік салалық журналистиканы дамытуда ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр – Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Astana Media Week – 2021 форумында айтты.

Ең бірінші - журналистердің кәсіби деңгейін көтеру. Менің ойымша, бұл өте маңызды, сол себепті министрлікте журналистерді оқыту, қайта даярлау, біліктілігін арттырудың нақты жоспары бар. Сонымен бірге қазір салалық журналистиканы дамытуда ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл да өте маңызды. Себебі кей тақырып толық көрсетілмейді, өйткені журналистер белгілі бір саланың ерекшелігін білмейді, - дейді министр.

Айтуынша, пандемия мұны айқын көрсетіп отыр. Сондай-ақ проблемаларды дер кезінде анықтау маңызды екенін атап өтті.

Әрине баспасөз қызметтеріміздің жұмысы да өте маңызды. Барлық мемлекеттік органдардың, соның ішінде өңірлік баспасөз хатшыларымен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Олардың азаматтық қоғамның барлық институтымен өзара әрекеттесуі өте маңызды. Жалпы барлық бағыт бойынша кез келген жұмыстың тиімділігі үшін билік пен қоғамның сындарлы диалогы өзекті, - деп түсіндірді Аида Балаева Astana Media Week-те.

Еске сала кетейік, бүгін Astana Media Week – 2021 басталды. Форум жұмысы екі күн бойы өтеді.

Өзгелердің жаңалығы