Бейсен Құранбек әлеуметтік журналистиканың дамуына көп еңбек сіңірді – министр

27 Қыркүйек 2021, 13:29
2184
Бөлісу:
Бейсен Құранбек әлеуметтік журналистиканың дамуына көп еңбек сіңірді – министр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл екінші рет ұйымдастырылған Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» байқауының жүлдегерлері анықталды, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Қысқа ғұмырында ұлттық журналистиканың дамуына өлшеусіз үлес қосқан Бейсен Құранбектің есімі қандай құрметке де лайық. Сондықтан оның жарқын бейнесін есте сақтау және журналистикадағы жолы жастарға үлгі болсын деген ниетпен былтырдан бастап осындай байқауды қолға алдық. Бұл конкурсқа қатысып, оның жүлдесін жеңіп алу – кім-кімге де үлкен мақтаныш, биік жетістік деп білемін. Әсіресе, журналистикадағы жас буынға жігер беретін, өнеге болатын үлгілі жол. Бейсен Құранбек, әсіресе, еліміздегі әлеуметтік журналистиканың қалыптасып, дамуына көп еңбек сіңірді, - деп жазды министр.
Бейсен Құранбек әлеуметтік журналистиканың дамуына көп еңбек сіңірді – министр

 Биылғы байқау – «Әлеуметтік тақырыптағы үздік телебағдарлама» номинациясы бойынша өтті.
Байқауға республикалық және аймақтық телеарналардан 100-ге жуық өтініш түсті. Соның ішінде, ірі республикалық телеарналармен қатар, «Жетісу», «Түркістан», «Aqtobe», «Caspian News» сияқты өңірлік телеарналар журналистері де қатысты. Кәсіби мамандардан құралған қазылар алқасы өз шешімін шығарды. Барлық номинатты жеңіп алған жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймын! - деді ол.

Бейсен Құранбек әлеуметтік журналистиканың дамуына көп еңбек сіңірді – министр


Өзгелердің жаңалығы