Елімізге Pfizer вакцинасының қашан әкелінетіні белгілі болды

27 Қыркүйек 2021, 15:47
11401
Бөлісу:
Елімізге Pfizer вакцинасының қашан әкелінетіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады. Оның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген вакциналарды сатып алуды жеделдету бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы үш вакцина қолжетімді. Одан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл төртінші тоқсанда Pfizer вакцинасын жеткізу күтілуде. Осы орайда біз тиімділігі бойынша шетелдік баламаларынан кем түспейтін отандық вакцинаны қолдаймыз, - деді Премьер-министрдің орынбасары.

Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін Pfizer вакцинасының қашан жеткізілетінін айтқан еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде кемінде 200 мектеп бой көтеретіндігі туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы