Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 46,7%-ы саяхаттағысы келетінін айтты

27 Қыркүйек 2021, 18:34
1865
Бөлісу:
Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 46,7%-ы саяхаттағысы келетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты қазақстандықтардың саяхаттау туралы пікірін білді.

27 қыркүйек - Дүниежүзілік туризм күні. Бұл күн - 1979 жылы бекітіліп, халықаралық қауымдастықтың назарын туризмнің маңыздылығына, оның әлеуметтік, мәдени және экономикалық мәніне назар аударуға бағытталған.

Коронавирустың жер жүзі адамдарының өміріне айтарлықтай өзгерістер енгізгеніне бір жылдан астам уақыт өтті. Бұл, ең алдымен, ел ішінде және басқа елдерге саяхат жасау мүмкіндігіне әсер етті. 2019 жылғы әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелеріне жүгініп, респонденттердің «Сіз әлемнің әртүрлі елдерінде бола алдыңыз ба?» деген сұрақтарға берген жауаптарымен таныстыруды жөн көрдік, - делінген ақпаратта.

Респонденттердің жартысына жуығы басқа елдерге саяхатқа баруға үміттенеді. Респонденттердің 46,7%-ы саяхаттауға оң көзқараспен қарап, ол қолжетімді деген пікірде.

Сауалнамаға қатысқандардың 26,3%-ы саяхатқа барғысы келетінін, бірақ қалаған елдерге бара алатындығына күмәнданады.

Саяхатты ұнатпайтындардың да үлесі аз емес - 14,1%.

Өзгелердің жаңалығы