«Айбын» онлайн жиынына қалай тіркеледі?

27 Қыркүйек 2021, 17:28
1893
Бөлісу:
«Айбын» онлайн жиынына қалай тіркеледі?

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Серік Борамбаев Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Бірінші кезеңде жиынның сайтында және «Айбын» мобильдік қосымшасында тіркелу жүргізіледі. Қосымша AppStore және Play Market-те қолжетімді. 6 қазанда «Жас Сарбаз Хаб» коворкинг-орталығының ресми ашылуы мен «Айбын» VII республикалық әскери-патриоттық жиынының онлайн форматта салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Сонымен қатар онда фронт-офис жұмыс істейтін болады. Бұл үйлестіру және қоғамдық мониторингпен айналысатын кеңес беру, әдістемелік, оқыту, ақпараттық орталық. Оған онлайн режимінде Led-экранмен бейне байланыс арқылы барлық өңір қосылады, - деді Борамбаев. 

Оның айтуынша, жиын 6 қазан мен 30 қараша аралығында өтеді. 

Барлық сайыс қатысушысы нормативтер мен тапсырмаларды орындаған бейнелерін жүктейтін мобильді қосымша базасында өткізілетін болады. Жиынның төрешілер алқасының мүшелері тапсырмалардың дұрыс орындалуын, сайыстың әділ және ашықтығын қадағалайды. Сонымен қатар әр сенбі сайын жиын аясында шеберлік сабақтары, тренингтер, жан-жақты адамдармен кездесулер өткізу жоспарлануда. Жеңімпаздарды марапаттау және жиынның жабылу салтанаты 30 қарашада «Егемен Елдің ертеңі – Мен Жас Сарбаз» жас патриоттардың бірінші форумы аясында өтеді. Оған жүлделі орындар мен гран-при иеленген команда капитандары қатысады, - деді Борамбаев. 

Осыған дейін жасөспірімдер арасында «Жас Сарбаз – жас тілшісі» медиа байқауы өтетіні анықталды.

 

 

Өзгелердің жаңалығы