Ақтауда адамдар мінген лифт шахтаға құлап кетті

27 Қыркүйек 2021, 12:48
2037
Бөлісу:
Ақтауда адамдар мінген лифт шахтаға құлап кетті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға Ақтау қаласы 17-ықшам аудандағы «Aktau Plaza» тұрғын үй кешенінде болған. Бұл туралы lada.kz хабарлады.

Aktau Plaza» ТК тұрғындарының айтуынша, 25 қыркүйекте кешкі сағат 19.30 шамасында адамдар мінген лифт бірінші қабаттан шахтаға құлап кеткен. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. Адамдар бір-біріне көмектесіп, сыртқа әрең шыққан.

Онда емізулі баласы бар аналар да болды. Олар төтенше жағдайдан қорқып қалды. Бұл не деген бассыздық? Оның үстіне бұл біздің үйдегі алғашқы жағдай емес, - деп шағымданды тұрғындар.

Олардың айтуынша, үйді тұрғызған құрылысшылар бұл жағдайдан хабардар, алайда ешқандай шара қолданбай отырған көрінеді.

Бұл үйге тұрғындардың көшіп келгеніне бір жылдан асқан, бірақ пәтердің құжаты әлі қолдарына тимеген. Үйге газ да қосылмапты.


Өзгелердің жаңалығы