Велоспорттан әлем чемпионаты аяқталды

27 Қыркүйек 2021, 19:03
2348
Бөлісу:
Велоспорттан әлем чемпионаты аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19-26 қыркүйек аралығында Бельгияның Фламанд аймағында велоспорттан 94-әлем чемпионаты өтті. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Назарларыңызға әлемдік додадағы қазақстандық спортшылардың көрсеткішін ұсынамыз.

19 қыркүйек күні ерлер арасында 43,3 шақырымға созылған жекелей сын өтіп, команда сапынан ең жақсы нәтижені Дмитрий Груздев тіркеген. Ол 31-орынға тұрақтаса, Даниил Фоминых 36-сатыдан көрінді.

Ал жастар арасындағы бәсекеде Қазақстан командасының мүшесі Евгений Федоров 20-орын алып, UCI ұпайын иеленді. Игорь Чжан 37-орында. Жасөспірімдер арасындағы жекелей сында Андрей Ремхе 26-орынға тұрақтады.

Жастар арасындағы топтық жарыста Евгений Федоров ең жоғары нәтиже тіркеп, 28-нәтиже көрсетті. Жасөспірімдер арасындағы топтық сында Андрей Ремхе 19-орынға табан тіреген.

Ал ересектер арасындағы топтық бәсекеде қазақстандық спортшылар мәреге жете алған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы