Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК Басқарма төрағасы болып тағайындалды

27 Қыркүйек 2021, 22:46
2315
Бөлісу:
Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК Басқарма төрағасы болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Компания Директорлар кеңесінің шешімімен Айымбетов Айдын Ақанұлы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы лауазымына тағайындалды.

Айдын Айымбетов 1972 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген.

ҚР Әскери-әуе күштері қатарында ұшқыш-жауынгер және әуе командирі ретінде қызмет атқарды. 2015 жылғы қыркүйекте «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде Халықаралық ғарыш станциясына ұшты.

Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік және мемлекеттік секторларында басшылық лауазымдарында жұмыс атқарды:

2009-2010 жж. –  ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі Төрағасының кеңесшісі;

2010-2011 жж. –  ҚР ҰҒА Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры;

2011-2014 жж. – «ҰҒЗТО» АҚ «Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты» ЕЖШС Ғарыштық технологияларды ақпараттық-оқытушылық қамтамасыз ету басқарма басшысының орынбасары;

2014-2016 жж. –  «ҰҒЗТО» АҚ «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС директорының орынбасары;

2016-2019 жж. –  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Ғарыш жүйелерін жасау және пайдалану жөніндегі Вице-президенті.

2019-2021 жж. – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары-Өндіріс жөніндегі Басқарма мүшесі.

2021 жылғы 13 қыркүйектен бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып табылады.

Айдын Айымбетов - ҚР ұшқыш-ғарышкері, әуе генерал-майоры. Мемлекеттік награда мен құрмет атақтарына ие: «Халық Қаһарманы», «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы», «Отан» ордені.

Өзгелердің жаңалығы