Жамбылдағы жарылыс: Қайтыс болғандардың туыстарына қандай көмек көрсетіледі?

27 Қыркүйек 2021, 12:04
2773
Бөлісу:
Жамбылдағы жарылыс: Қайтыс болғандардың туыстарына қандай көмек көрсетіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысындағы әскери бөлімшеде болған жарылыс салдарынан қайтыс болған және жарақат алған қызметкерлерге қандай көмек көрсетіледі?

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли қандай қаржылай көмек көрсетілетінін түсіндіріп берді.

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімшедегі жарылыс салдарынан қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына бірқатар материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдейді. Атап айтқанда, республикалық бюджеттен 10 млн теңге, жергілікті бюджеттен 5 млн теңге және Азаматтық қорғау органдарының барлық қызметкері ерікті түрде бір күндік жалақыларын арнайы есепшотқа аударды. Осы қаражаттан 5 млн теңге, жалпы сомасы 20 млн теңге қаржылай көмек көрсетіледі, - деді Талғат Уәли.

Одан бөлек, құқық қорғау қызметі туралы заңнамаға сәйкес, қайтыс болған қызметкердің отбасы мүшелеріне соңғы лауазымдағы 60 айлық жалақысы, яғни 5 жылдық жалақысы біржола төленеді.

Сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, қаза болған қызметкерлердің екінші деңгейлі банктерде қаржылай несиелік қарыздары болса, ол да толығымен өтеледі. Жарылыс салдарынан әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне де алған жарақатына байланысты қаржылай көмек көрсетіледі, - деп айтты ТЖМ ресми өкілі.

Оның сөзінше, аман қалған қызметкерлер мемлекеттік наградаға ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы