Балқаш тұрғыны кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

27 Қыркүйек 2021, 11:33
4338
Бөлісу:
Балқаш тұрғыны кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.

Қарағанды облысында 22 жастағы Балқаш тұрғыны ұсталды. Ол 3 апта бойы тәуелділік пен айла арқылы кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Ол қызды жалға беретін пәтерлерде қызмет көрсетуге күштеген. Оқиға бойынша 134-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді ол.

Нұрмағамбетов атап өткендей, Атырау облысында да осыған ұқсас жағдай тіркелген.

Шымкент қаласының тұрғыны 22 жастағы Түркістан қаласының тұрғынын 4 ай бойы жезөкшелікпен айналысуға күштеген. Күдікті жәбірленушінің жеке мәліметтерін интернетте жариялап, интимдік қызмет атқаратыны туралы хабарландыру жариялаған, - деді ол.

Нұрмағамбетов жәбір көргендердің барлығына әлеуметтік психологиялық қызмет көрсетілетінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы