Аймағамбетов директорлардың ротациясы қашан басталатынын айтты

27 Қыркүйек 2021, 17:23
28946
Бөлісу:
Аймағамбетов директорлардың ротациясы қашан басталатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің баспасөз орталығында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов директорлардың ротациясын қашан басталатынын айтты.

Ротация бойынша заңға тиісті өзгеріс енгізілді. Заң қабылданды. Мемлекет басшысы бұл заңға қол қойды. Заң шыққаннан кейін арнайы бұйрықты дайындадық. Бұйрықтың жобасы әріптестерімізбен жан-жақты, мұқият талқыладық. Талқылау аяқталғаннан кейін осы мәселе бойынша Тамыз кеңесінде де сөз қозғаған болатынбыз. Жалпы бұл мәселені бәрі түсінгеннен кейін бұйрықты аяқтап, оны Әділет министрлігіне тіркеуге жібердік. Сондықтан жуырда бұйрық қабылданып, тіркеуден өтіп, бұйрық шеңберінде жұмыс істелуі үшін өңірлерге жіберіледі, - деді министр.
Аймағамбетов директорлардың ротациясындағы бірнеше мәселеге тоқталып өтті.
Біріншіден, ротация жүргізілгенде ол бір елді мекеннің шеңберінде ғана жүргізілуі керек. Екіншіден, бұл 7 жылдан астам бір мектепте, бір ұйымда жұмыс істеген әріптестерімізге қатысты болады. Бірақ ротация – бұл жұмыстан шығару деген сөз емес. Ол дәл осындай басқа жұмысқа, орынға жіберу дегенді білдіреді. Сол себепті бұл жұмыс кесте бойынша жүргізіледі, - деп толықтырды Білім басшысы брифингте.
Осыған дейін министр мұғалімдерді санаққа тартқандарға қатаң шара қолданылатынын ескертті.

Өзгелердің жаңалығы