Шымкенттік тұрғын пәтер аламын деп 900 мың теңгесінен айырылып қалды

27 Қыркүйек 2021, 09:45
8051
Бөлісу:
Шымкенттік тұрғын пәтер аламын деп 900 мың теңгесінен айырылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттік тұрғын пәтер аламын деп 900 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Абай ауданы Полиция басқармасына 102 нөміріне жергілікті тұрғын қоңырау шалып, арызданған.

Ол өз арызында танысы мемлекет тарапынан берілетін пәтер алып беремін деп сендіріп, ақшасын алып алғанын айтқан.  

Ол арызында пәтерді алу үшін кепіл ретінде 900 мың теңге беріп, алданып қалғанын жазып көрсеткен. 

Абай ауданы Полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, бөлімшеге жеткізілді. Оның басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар-жоғы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы