Все новости за 11 наурыз 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Үндістанның елшісі Қазақстанда өз дипмиссиясын аяқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өзінің Нұр-Сұлтандағы миссиясын аяқтағалы жатқан Үндістан Республикасының елшісі Прабхат Кумарды қабылдады.
-
Теміртауда «Жасыл белдеу» пайда болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев қала айналасында «жасыл белдеу» құру мәселесі бойынша жұмыс сапарымен Теміртауда болды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
-
Елордада 16 мектеп салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алтай Көлгінов биыл ел астанасында 40 мың оқушыға арналған мектептер ашылатынын Іnstagram-дағы парақшасында жазды.
-
СІМ «Консул-Көмек» Тelegram-ботын іске қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі «Консул-Көмек» Telegram-ботын іске қосты,деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
-
Биатлоннан әлем кубогі: Спринттен ерлер арасындағы бәсеке басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Чехияның Нове Место аймағында биатлоннан әлем кубогінің кезекті кезеңі басталады. Жарыс шымылдығын спринт бойынша сынға түсетін ерлер ашпақшы деп жазады Olympic.kz.
-
Елімізде шоколад және одан жасалатын өнімнің бағасы өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы қаңтар айында елімізде 5,5 тонна шоколад және қант пен шоколадтан жасалған кондитерлік өнімдер жасап шығарды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,4 пайызға кем.
-
Түркістандық дәрігерлер асқазан көлемін кішірейту отасын жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Асқазанын кішірейткен науқас 15-80 келіге дейін салмақ жоғалтады. Алайда дәрігерлер бұл ота соңғы шара, деп түсіндірді.
-
Шығыста баланың жүрген жерін анықтайтын мобильді қосымша іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында цифрландыру аясында балалар қауіпсіздігі бойынша «Найди меня» жүйесі іске қосылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
2021 жылы грантты өтеуге қатысты заң талаптары жеңілдетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік грант арқылы білім беруге қатысты өзгерістер «Білім туралы» заңға 2016 жылы енгізілген болатын.
-
Атырау облысында 14 дәрігер COVID-19-дан көз жұмған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия кезінде қайтыс болған медицина қызметкерлерінің туыстарына 10 миллион теңге көлемінде ақшалай өтемақы төленді, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
-
Цифрландыру білім беру үдерісін оңтайландыруға қалай көмектеседі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Білім және ғылым министрімен бейресми түрде кездесу өткізді.
-
Алматының Наурызбай ауданында 50 мың тұрғын ауыз сумен қамтамасыз етіледі
Алматы, BAQ.KZ. Қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырудың бірінші кезектегі мәселелерін шешу үшін Алматы қаласы мәслихатының депутаттары мен көлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы қала аудандарындағы жол және коммуналдық инфрақұрылым объектілерінің құрылыс жұмыстарына мониторинг және сараптама жүргізуді бастады.
-
Ішкі істер министрлігі «Адалдық алаңы» жобасын ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігі «Адалдық алаңы» жобасын ұсынды.
-
Жалақы төлемеген кәсіпорындарға 18,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 1,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады. Оларға 814,6 млн теңге төленді.
-
Бішкекте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған концерт өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бішкекте Абдылас Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрында қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған ұлы ақын, әлемдік деңгейдегі ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай ақынға мың тағзым» атты концерт өтті.
-
Қазақстанда COVID-19 вакцинасын 10 млн адам алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҒМ Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК Президент тапсырмасы бойынша 2020 жылғы 23 наурызда COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны әзірлеуге кірісті. Барлық ғылыми-зерттеу жұмысы биологиялық қауіпсіздіктің 3-деңгейі (BSL-3) зертханасында жүргізіледі.
-
Латиф Парпиев: Мейлінше көп балаға көмектесуді қалар едім
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының төртінші кезеңі басталды. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 22 ақпанынан 15 наурызына дейін 100janaesim.ruh.kz сайтында жүзеге асырылады.
-
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра көрмесі
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Оңтүстік өңірге қарасты Бәйдібек ауданы Домалақ ана атындағы жалпы орта мектепте Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай «Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра» тақырыбында қолөнер көрмесі өткізілді.
-
Көшербаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия кеңсесіне барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырымбек Көшербаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жобалық кеңсесіне барды.
-
Құлыбаев: Бизнесті қорғауда прокуратура рөлі едәуір күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Бас прокуратура алаңында Бизнесті қорғау жөніндегі V форум өтті. Іс-шара «Атамекен» ҚР ҰКП-ның қатысуымен ұйымдастырылды.
-
Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулы шығарды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері ағымдағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа қаулы шығарды. Құжаттағы өзгертулер мектепке дейінгі білім беру нысандарының жұмысына қатысты болып шықты. Сонымен қатар мектеп, бассейн және спа-орталықтардың жұмысына байланысты.
-
Пандемияның Қазақстанды жайлағанына бір жыл болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осыдан бір жыл бұрын, яғни 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп бағалады. Жаһанды жайлаған індет әлем елдері үшін де, Қазақстан үшін де оңайға соққан жоқ. Осы орайда Қазақстан коронавирустың саллдарымен қалай күресті, қандай әлеуметтік-экономикалық қолдау шаралары қабылданды, медицина саласына қандай өзгерістер алып келді?
-
100 жаңа есім – 2021. Өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының төртінші кезеңі басталды. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 22 ақпанынан 15 наурызына дейін 100janaesim.ruh.kz сайтында жүзеге асырылады.
-
Пандемия. Денсаулық саласындағы негізгі өзгерістер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемдегі және еліміздегі коронавирус инфекциясы бойынша күрделі эпидемиологиялық жағдай отандық денсаулық сақтауды материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етуді күшейту бойынша түбегейлі шараларды талап етеді.
-
Депутат: Жайылымдық жерді жалға беру мерзімін ұзарту керек
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мандат – мақтан үшін емес, халықтың мәселесін мінберде көтеру үшін керек. Егер барлық депутат осы үдеден шыға алса, көпшіліктің сенімін ақтай алғаны. Бұл туралы Жамбыл облыстық мәслихаттың депутаты Шыңғыс Абдрахманов айтты.
-
Індеттің таралуын төмендеткіміз келсе, халықпен араласуды азайтуымыз керек
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайынов онлайн брифинг барысында айтты.
-
Тоқаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
ҚАЖ қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлады Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.
-
Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында көп шаруа атқарылды – Жылқыбаев
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Азаматтардың жұмыспен қамтылуы – мемлекеттің әлеуметтік саладағы көрсеткішінің бір көрінісі. Еліміз егемендігін алғалы бұл бағытта сан алуан шараны қолға алды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев айтып берді.
-
Бас прокуратурада бизнесті қорғау бойынша форум өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас прокуратурада бизнесті қорғау бойынша V-Форум өтті. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да форумның ұйымдастырушы болды.
-
Ерекше балаларға арналған әлеуметтік жоба жұмысын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен тағы бір әлеуметтік жоба өз жұмысын бастады. Жыл басында «Balapan» телеарнасының жанынан «Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған анимация мектебін» ашу туралы шешім қабылдаған болатынбыз, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.
-
Елорда еріктілері аптасына 10-15 үйдің ауласын тазалайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Тəуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен əлеуметтік қайырымдылық іс-шаралары өтуде. Ондағы басты мақсат – қала тұрғындары үшін игі іс жасау. Биыл қардың көп түсуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласы əкімдігінің «Астана жастары» КММ мен елорда волонтерлары 10 мұқтаж отбасыға, оның ішінде зейнеткерлерге көмек ретінде ауладағы қарды тазалауға көмек көрсетуді бастап кетті.
-
Алматы полициясы елдің картасынан ақша ұрлап келген хакерді ұстады
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы арнайы іс-шара барысында ірі хакерді ұстады. Бұл туралы алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қостанай өңірінде қатерлі ісікке шалдыққандар азайып келеді
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай өңірінде қатерлік ісікке шалдыққандар саны 12,7% азайып отыр. Ал, сырқаттанғандардың бесжылдық өмір сүру деңгейі 3,7% артқан.
-
«Аңсаған сәби»: Ақмола облысына 283 квота бөлінді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Ақмола облысында «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 283 квота бөлінді.
-
Түркістанға полицейлер керек. Депутат дабыл қақты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатор Әли Бектаев Үкімет басшысына жолдаған сауалында Түркістан облысында полицейлердің жетіспейтіні туралы мәселені көтерді.
-
Германияда бокстан халықаралық турнир басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 наурыз күні Германияда бокстан халықаралық турнир басталады, деп жазды Olympic.kz.
-
Министрлік жанармай құю бекеттеріндегі газ бағасын реттеу неліктен жойылғанын түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда 1 наурыздан бастап автогаз құю станцияларында сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағаларын уақытша мемлекеттік реттеу алынып тасталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ химиясы департаментінің директоры Қуаныш Сәрсекеев айтты.
-
Халықаралық көші-қон тақырыбына арналған кітап жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Елордада «Отандастар қорының» бастамасымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Диаспоралық қоғамдастықтардың өзара іс-қимылы мен оларды қолдаудың халықаралық тәжірибесі» атты ақпараттық анықтамалық кітаптың таныстырылымы өтті.
-
Қазақстандағы бензин қоры 20 күнге жетеді - вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы бензин мен дизель отынының жалпы қоры жеткілікті деңгейде. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді.
-
Қазақ тілінде жарық көретін кітаптар тізімі жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы алғаш рет қазақ тілінде жарық көретін кітаптар тізімі жарияланды.
-
Нығматулин Ұлыбритания елшісін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQKZ. Бүгін Мәжілісте Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Майкл Гиффордпен кездесті.
-
Сәдібек Түгел: Жемқорлық – ол халықты қанау, ұлтты тонау
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. AntikorNews алаңында өткен тікелей эфирде қоғам қайраткері, «Парасат жолы» орталығының жетекшісі Сәдібек Түгел жемқорлықпен жұмыла күресу керектігін айтты.
-
Алматыда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті, алаңдауға еш негіз жоқ – Хаиров
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіруші, «Almaty Finance» Басқармасының төрағасы Тимур Хаиров онлайн брифинг барысында айтты.
-
Алматыда ата-аналардың наразылығынан кейін 3 музыка мектебі жекешелендірілмейтін болды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімдігі қоғамдық дау туғызған 3 балалар мектебінің жекешелендірілмейтінін мәлімдеді.
-
Сенатор оқытушылар жалақысын Ұлттық ЖОО деңгейіне жеткізуді талап етті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында депутат Ақылбек Күрішбаев Үкімет басшысына сауал жолдап, университет оқытушыларының жалақысын көтеруді талап етті.
-
Бір агенттікке қарап отыра беруге болмайды. Қоғам қайраткері жемқорлықпен күрес туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. AntikorNews алаңында өткен тікелей эфирде қоғам қайраткері, «Парасат жолы» орталығының жетекшісі Сәдібек Түгел «Парасат жолы» жобалық кеңсесінің қызметі туралы айтып берді.
-
ТЖД қызметкерлері COVID-19-ға қарсы екпе салдыруда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері КВИ-ға қарсы екпе салдыруда.
-
Каспийде батып кеткен кемелерді жоюдың бірыңғай ережелері бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында «Суға батып кеткен кемелерді жою туралы 2007 жылғы Найроби халықаралық конвенциясын ратификациялау туралы» заңы қабылданды.
-
Қазақстанда Еуразиялық одаққа қатысты тағы бір заң қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бейсенбіде Сенат «2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің біріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратфикациялау» туралы заң жобасын қабылдады.
-
Низами Гәнжауи 880 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Халы қаралық Түркі академиясы мен Низами Гәнжауи атындағы Халықаралық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен «Низами Гәнжауи – 880 жыл: оның әлемдік мұраға қосқан үлесі» атты бірлескен халықаралық конференция өтті.
-
Тоқаев: Дерттің қатері әлі де сейілген жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дерттің қатері әлі де сейілген жоқ. Вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз.
-
Алматыда жұма намазын мешітте өткізуге уақытша тыйым салынды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Ерғали Көшеке қаланың қызыл аймаққа өтуіне байланысты діни нысандардың жұмысына шектеулер енгізілгенін мәлімдеді.
-
2025 жылға дейін 5000 мектеп жаңартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Үкіметінің отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы жылдың соңына дейін 200 жаңа мектепті іске қосу қажеттігін айтты. Сонымен қатар 2025 жылға дейін 5000 мектептің инфрақұрылымы жаңартылатыны айтылды.
-
Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
Алматы, BAQ.KZ. Ауа райының бұзылуына байланысты Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Әкімдер мен министрлерге ескертемін. Мамин азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне қатысты тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкіметтің отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне мүлдем жол берілмеуі тиіс екенін айтып, меморгандарға тапсырма берді.
-
Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасы белгіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкіметтің отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі жол картасын әзірленгенін айтты.
-
Министрлік азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін не істемек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сауда және интеграция министрлгі елдегі азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін Жол карта әзірледі және ол келесі айда іске асырылы бастайды. Бұл туралы Үкіметтің онлайн отырысында министр Бақыт Сұлтанов айтты.
-
Мамин Аймағамбетов пен әкімдерге тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин білім беру саласын дамыту мәселелері бойынша Білім министрі мен облыс әкімдеріне тапсырма берді.
-
Ең қымбат азық-түлік қай облыста екені белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл басынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары 2,6%-ке өсті. Жылдық мәнде олар 13,2%-ке қымбаттады. Бұл туралы Үкіметтің онлайн отырысында Сауда және Интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.
-
Шымкентте полицейлерді вакциналау жұмыстары басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте полиция департаменті қызметкерлерін COVID-19-ға қарсы вакциналау жұмыстары басталды.
-
Шетелдік ЖОО-ның филиалдарын ашу жоспарланып отыр – Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин білім беру саласын дамыту мәселелері өте өзекті әрі маңызды екенін атап өтті.
-
БҒМ: Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Үкіметінің отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагог мамандарын жұмысқа қабылдау конкурстық негізде жүргізілетінін жеткізді. Сондай-ақ, педмамандық бойынша алғаш рет жұмысқа тұратындар мамандарға да қоса тиісті квалификация алу міндеті енгізіледі.
-
Әрбір министр, әкім инвестиция тарту үшін жұмыс істеу керек - Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында өткен айдың экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштерімен танысқан премьер-министр Асқар Мамин аймақ басшылары мен министрліктер алдына міндет қойды.
-
2024 жылға қарай педагогтердің жалақысы 2 есеге артады – Аймағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Үкіметінің отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдер бүгінгі таңда күніне екі құжат ғана толтыруы қажет екенін айтты.
-
Оқулықтардың мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптар бекітіледі – БҒМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Үкіметінің отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мемлекет тапсырмасына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап берді.
-
Азық-түлік бағасының өсуі жалғасуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Азық-түлік инфляциясы бағаның жалпы өсуіне ең көп үлес қосуын жалғастыруда. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкіметтің онлайн отырысында айтты.
-
ШҚО-ның бұрынғы аудан орталықтарында спорт нысандарының саны артады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы уақытта өңірдің бұрынғы 13 аудан орталығында жаңадан салынатын спорттық нысандар саны арта түспек.
-
Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі әзірленеді – Асхат Аймағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Үкіметінің отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақшалармен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
-
Экономиканы ынталандыру шаралары жайлы айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкіметтің онлайн отырысында жеті экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлердегі жалпы жағдайына тоқталып, экономиканы ынталандыру шаралары жайлы айтты.
-
Мемлекеттік аудит кезінде 6 мыңнан аса бұзушылық анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік аудит кезінде 6 мыңнан аса бұзушылық анықталғанын айтты.
-
Қаржы министрі бюджет ақшасын игере алмай отырған министрлер мен әкімдерді атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Үкіметінің отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын игере алмай отырған министрліктер мен өңірлерді атады.
-
Қарағанды облысы «сары» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Үш облыс өнеркәсібінде төмен көрсеткіш тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен айда өңдеу өнеркәсібі саласында 14 өңір оң өсім көрсетсе, үш өңірде керісінше төмендеу байқалған.
-
Мемлекеттік бюджетке қанша кіріс түскені айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылғы қаңтар-ақпандағы мемлекеттік қаржының атқарылуы жайында Үкімет отырысында Ерұлан Жамаубаев баяндады. Министр мемлекеттік бюджетке 1,4 трлн теңге кіріс түскені туралы айтты.
-
Нақты сектор салалары өткен айда өсім көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нақты сектордың барлық саласында байқалған тұрақты өсім нәтижесінде ақпанда жалпы ішкі өнім қаңтармен салыстырғанда жақсарды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкіметтің онлайн отырысында айтты.
-
Жыл басынан бері 447 млрд-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы қаңтар - ақпан айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 137,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 310, 2 млрд теңге бағытталды.
-
КВИ белгілері бар пневмонияның 48 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2021 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жариялады.
-
Пневмония мен коронавирустан 12 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 11 наурыздағы ақпаратты жариялады.
-
COVID-19: Бразилияда өлім-жітімнің тәуліктік рекорды тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияда бір күнде 2 мыңдай азамат көз жұмған. Вирус жұқтырғандар қатары одан да көп, деп хабарлайды 24.kz.
-
Өткен тәулікте 662 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 662 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 752 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 752 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлайды.
-
Семей қаласында алаяқтар 143 адамды алдап кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев онлайн форматта өткізілген есеп беру кездесуі барысында өңірдегі алаяқтық фактілерінің 20,5%-ға көбейгендігін айтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
-
Атырауда Даун синдромы бар балалар саны артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы республикада сәбилер өлімі бойынша үшінші орында. Өткен жылы облыста 17 789 бала дүниеге келіп, 184-і шетінеп кетті, деп хабарлайды azh.kz.
-
Шымкентте қиын жағдайда жүрген отбасыларға үй салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында «Халық берекесі» жобасы жүзеге асырылады. Жоба аясында өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасылар үшін уақытша тұруға көпқабатты үй салу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтің төрағалығымен өткен мәжілісте мәлім болды.
-
Түркістан облысында 41 заңсыз ойын бизнесі тоқтатылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 2020 жылы 41 ойын бизнесі анықталып, жұмысы тоқтатылды. Оның 14-і Түркістан қаласында. Ал ағымдағы жылы қазірге дейін облыс көлемінде 14 заңсыз ойын бизнесі құрықталған. Бұл туралы брифингте облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Нұржан Нұрғабылов мәлімдеді.
-
Қостанайда 449 мың шаршы метр үй салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді. Былтыр 379,4 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілген. Биылғы меже – 449 мың шаршы метр, деп хабарлайды inbusiness.kz.
-
Теміртауда дүкен тонамақ болған қаскөй оқиға орнында ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртау қаласында дүкен тонамақ болған азамат қылмыс үстінде қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Смайыл Дүйсебай таеквондодан Қазақстан чемпионатында топ жарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанда таеквондодан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Olympic.kz үшінші жарыс күнінің қорытындысын назарларыңызға ұсынды.
-
Қарағандылық кәсіпорындар 560,5 млрд теңгеге өнім өндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында екі айда 560,5 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Инвестиция көлемі 85,5 млрд теңгені құрайтын 14%-ға өседі деп күтілуде.
-
Биыл Аралда жаңа мектеп салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Арал қаласындағы №71 мектеп-интернаттың іргетасы қаланады. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген. Жобаның жалпы құны 1,3 млрд теңге құрайды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
Наверх