Қазақстанда Еуразиялық одаққа қатысты тағы бір заң қабылданды

11 Наурыз 2021, 12:15
1663
Бөлісу:
Қазақстанда Еуразиялық одаққа қатысты тағы бір заң қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бейсенбіде Сенат «2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің біріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратфикациялау» туралы заң жобасын қабылдады.

Біріншіден, бүгінгі қаралып отырған шарттың терминологиясы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт пен Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарттың ережелеріне сәйкес келтірілді. «Кеден одағы» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық одақ» болып, «Кеден қызметтері» деген сөздер «Кеден органдары» деп, «Тараптар мемлекеттері» деген сөздер «Мүше мемлекеттер» деп ауыстырылды, -деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Сонымен қатар мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары анықталды. Қазақстанда ол – Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті. Одан бөлек Еуразиялық экономикалық комиссияның құзіретіне берілуіне байланысты кейбір функциялар біріккен коллегияның құзіретінен алынып тасталды. Атап айтқанда, «Кеден заңнамасы нормаларының орындалуына мониторинг жүргізу», «Бірыңғай кедендік аумақтың жұмыс істеуі үшін ұйымдастыру шарттарына қатысу», «Тауар номенклатурасының біркелкі қолдануына мониторинг жүргізуге» қатысты.

 

Жалпы алғанда, хаттаманы ратификациялау Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары арасындағы өзара іс-қимылды тиімді үйлестіруге ықпал етуі және Еуразиялық экономикалық одақтың мақсаттары мен міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуі керек. Осы уақытта құжатты Армения, Беларуссия, Қырғызстан және Ресей ратификациялады, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы