Халықаралық көші-қон тақырыбына арналған кітап жарық көрді

11 Наурыз 2021, 13:54
2275
Бөлісу:
Халықаралық көші-қон тақырыбына арналған кітап жарық көрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Елордада «Отандастар қорының» бастамасымен Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Диаспоралық қоғамдастықтардың өзара іс-қимылы мен оларды қолдаудың халықаралық тәжірибесі» атты ақпараттық анықтамалық кітаптың таныстырылымы өтті.

 Тұсаукесерге тіркелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кітапта көші-қон және халықтың қоныстануы мәселелерімен айналысатын халықаралық, өңірлік және әлем елдері ұйымдарының негізгі құрылымдары мен қызметі туралы ақпарат ұсынылып, диаспоралық саясаттың халықаралық тәжірибесі, этникалық, мәдени және көшіп келушілер ұйымдарымен ынтымақтастығы қарастырылған. Олардың ресми мекен-жайлары, байланыстары көрсетілген.

Анықтамалыққа білім беру саласындағы ұлттық, этникалық, діни және тілдік азшылықтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықаралық заңнамалық, нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ көші-қон және көші-қон саясаты, этникалық қазақтарды тарихи отанына қайтару және т. б. мәселелері бойынша ҚР нормативтік-құқықтық актілері де енгізілді, - делінген ақпаратта.

Анықтамалық мемлекеттік қызметшілерге, дипломаттарға, студенттерге, зерттеушілерге, сондай-ақ халықаралық қатынастар, сыртқы және диаспоралық саясат мәселелеріне қызығушылық танытқан барлық оқырмандарға арналған.

Өзгелердің жаңалығы