Үш облыс өнеркәсібінде төмен көрсеткіш тіркелді

11 Наурыз 2021, 09:50
1306
Бөлісу:
Үш облыс өнеркәсібінде төмен көрсеткіш тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен айда өңдеу өнеркәсібі саласында 14 өңір оң өсім көрсетсе, үш өңірде керісінше төмендеу байқалған. 

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкіметтің онлайн отырысында айтты. Ең жоғарғы өсім темекі өнімдері мен электрлік аккумуляторлар өндірісінің өсу есебінен Алматы қаласында тіркелді. Мұндағы өсім – 24,5 %-ды құрады. Темір және бетон, тазартылған алтын өндірісі есебінен екінші орынға Нұр-Сұлтан қаласы тұрақтады. Елордадағы өңдеу өнеркәсібіндегі өсім – 21.3%-ды құраған. Алғашқы үштіктің қатарына 15,2 % өсіммен Алматы облысы енді.

Ал елдің үш өңірінің өңдеу өнеркәсібінде керісінше төмендеу байқалды. Мұнай өңдеу өндірісінің қысқарумен байланысты Атырау облысында, ет өңдеу және трансформаторлар өндірісінің төмендеуінен Батыс Қазақстан облысында, трансформаторлар мен мақта өндірісінің азаюы салдарынан Түркістан облысының өңдеу өнеркәсібі көрсеткіштерінің төмендеуі тіркелді , - деді Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі нақты сектор өткен айда өсім көрсеткенінін айтқан.

Өзгелердің жаңалығы