ТЖД қызметкерлері COVID-19-ға қарсы екпе салдыруда

11 Наурыз 2021, 12:30
1121
Бөлісу:
ТЖД қызметкерлері COVID-19-ға қарсы екпе салдыруда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері КВИ-ға қарсы екпе салдыруда. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖМ қызметкерлері өзінің күнделікті қызметінде, авариялық-құтқару немесе алдын алу жұмыстарын жүргізу барысында үнемі халықпен байланыста болады.

Осыған байланысты, коронавирустық инфекциямен ауыру қаупін азайту мақсатында Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлерін вакциналау басталды. Қазіргі таңда 20-дан астам қызметкер КВИ вакцинасының алғашқы компонентін қабылдады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, вакцинация ерікті негізде жүргізіледі. 

Өзгелердің жаңалығы