Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулы шығарды

11 Наурыз 2021, 17:58
1817
Бөлісу:
Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулы шығарды
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері ағымдағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа қаулы шығарды. Құжаттағы өзгертулер мектепке дейінгі білім беру нысандарының жұмысына қатысты болып шықты. Сонымен қатар мектеп, бассейн және спа-орталықтардың жұмысына байланысты.

Айта кетейік, бұған дейін балабақшалардағы кезекші топтарда 15 ұл-қыз болса, қазіргі уақытта балалар саны 25-ке артты. 

Мектептерге келетін болсақ, 300 адам білім алатын мекемелер дәстүрлі форматта жұмыс істейді. Бір сыныпта бір мезетте 15 оқушы бола алады. Аралас оқитын сыныптарда 25 балаға дейін оқуға рұқсат берілді. 

Сала мамандарының айтуынша, қосымша сабақтар өткізуді әр мектептің әкімшілігі шешеді.

Ағымдағы жылда коронавирустың 9180 дерегі тіркелді. Оның ішінде 6807 симптомды, 2273 симптомсыз жағдайлар. Өткен аптамен салыстырғанда наурыздың алғашқы аптасында ауру жұқтыру өсімі 522 жағдайды құрады. Ал ақпанның соңғы айымен салыстырғанда 582 жағдай тіркелді, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Ерғалы Асылбеков.

Облыстағы емдеу мекемелері 1601 инфекциялық төсек орынмен қамтылған. Бүгінгі күні жүктемелері 26%-ды құрап отыр. Бұдан басқа шекаралас аймақтарда 67 карантиндік төсек орын бар.

Толықтырулар енгізілген қаулы үстіміздегі жылдың 15 наурызында күшіне енбек.

Өзгелердің жаңалығы