Пандемияның Қазақстанды жайлағанына бір жыл болды

11 Наурыз 2021, 17:46
2581
Бөлісу:
Пандемияның Қазақстанды жайлағанына бір жыл болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осыдан бір жыл бұрын, яғни 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп бағалады. Жаһанды жайлаған індет әлем елдері үшін де, Қазақстан үшін де оңайға соққан жоқ. Осы орайда Қазақстан коронавирустың саллдарымен қалай күресті, қандай әлеуметтік-экономикалық қолдау шаралары қабылданды, медицина саласына қандай өзгерістер алып келді?

2020 жылы 16 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін енгізді. Ал, 11 мамырдан бастап ел аумағында қатаң шектеу шаралары жеңілдетіле бастады, оның салдарынан коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны арта түсті. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі мен Үкімет 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап шектеу шараларын күшейтті. Нәтижесінде бұл шаралардың енгізілуі арқылы республикадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталды.

Қалаларда уақтылы медициналық көмек көрсету үшін 16 модульді аурухана салынды, сонымен қоса 3 жұқпалы аурулар ауруханасы жөндеуден өтті. 63 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.

Халықты дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.

64 оттегі стансасы пайдалануға беріліп, медициналық ұйымдардың өкпені жасанды желдеткішпен қажеттілігі (3264 бірлік) толық қанағаттандырылды.

185 аудандық аурухана 100% рентген диагностикалық қондырғылармен жабдықталды. Сонымен қоса, жедел жәрдем қызметіне 1367 автокөлік сатып алынды, жылжымалы медициналық кешендер паркін 100% жабдықтауға қол жеткізілді.

Инвестиция

Денсаулық сақтау саласына салынған инвестицияның өсімі 2020 жылы 302,5 млрд теңгені құраған, ал 2019 жылы 124,6 млрд теңге болған еді. Салыстырмалы түрде 2,5 есеге өскен.

Медицина қызметкерлерін қолдау шаралары

Эпидемияға қарсы шараларға қатысатын медициналық қызметкерлерге материалдық қолдау көрсетілді. КВИ-мен күреске тікелей қатысы болған қызметкерлерге 3 тәуекел тобына 116 миллиард теңге көлемінде бонустар төленді.

Мен барлық дәрігердің, медбикенің, жедел жәрдем бригадасының, лаборант пен эпидемиологтың инфекцияның қаупіне қарамастан, аз зерттелген вируспен күрестегі ерлігі мен адалдығын ерекше атап өткім келеді, - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында.

Мемлекет басшысының шешімімен 9 мыңнан астам науқас дәрігерлерге әлеуметтік төлемдер берілді. Сонымен бірге, 2020 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 30%-ға, ал медбикелердікі 20%-ға өсті.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту үшін 2020 жылы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті құрылды. Сонымен бірге ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің өкілеттіктері күшейтілді.

2021 жылдың қаңтарынан бастап мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлердің жалақысы өсті. 459 дана зертханалық жабдық пен 12 аса қауіпті инфекцияларды диагностикалауға арналған мобильді кешендер 2,9 млрд теңгеге сатпы алынды.

Пандемия кезіндегі ШОБ-ты қолдаy шаралары

2020 жылы пандемия уақытында шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдаy бойынша бiрқатар шара қабылданды.

Олар:

-        салықтық ынталандырy

-        арзандатылған кредиттер мен оларды кейiнге шегерy

-        әкiмшiлiк жүктеменi азайтy

-        бизнес-ахyалды жақсартy (8-пакет)

-        бизнес мәселелерiн жедел шешy

ҚР ҰЭМ мәліметінше, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнес сyбъектiлерi табыс салығынан үш жылға босатылды. Сондай-ақ шағын және орта бизнестi қолдаy үшiн салықтық ынталандырyлар ұсынылып, бизнестi жүргiзy жағдайын одан әрi жеңiлдетy бойынша шаралар қабылданды. Бизнес экономиканың зардап шеккен салалары бойынша еңбекақы төлеy қорынан салықтар мен төлемдерден жарты жылға босатылған.

Бұдан бөлек жыл соңына дейiн әлеyметтiк төлемдерден, соның iшiнде зейнетақы жарналары мен МӘМС-тен босатy мерзiмi ұзартылды. Сондай-ақ әлеyметтiк маңызы бар азық-түлiк таyарлары үшiн ҚҚС ставкалары 12%-дан 8%-ға дейiн yақытша төмендетiлдi.

Жыл соңына дейiн ШОБ-тың ең осал секторлары үшiн мүлiк салығының және аyыл шарyашылығы мақсатындағы жерлер бойынша жер салығының  мөлшерлемелерi нөлдендiрiлдi. Осылайша салық жеңiлдiгi 700 мыңнан астам кәсiпкерлiк сyбъектiсiн қамтыды, - дедi Рyслан Дәленов үкімет отырысында.

Кәсіпкерлер үшін әкімшілік жүктеме төмендетілді

Сондай-ақ кәсіпкерлер үшін әкімшілік жүктеме төмендетілді. ҚР ҰЭ министрлігінің дерегінше, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнеске қатысты тексерулерді жүргізуге үш жылдық мораторий қолданылады. 100 мыңға жуық тексеру жүргізілмейді. Бұл әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік беріп, бизнес жүргізудегі тұрақтылыққа ықпал епек.

Сондай-ақ оның айтуынша, басқа да салықтық тексерулер 2020 жылдың 1 маусымына дейін тоқтатылған.

Әлеуметтік қолдау шаралары

Сонымен қатар қазақстандықтарды локдаун кезінде әлеуметтік-экономикалық жағынан қолдау үшін президенттік шаралар кешені әзірленді. Атап айтсақ, жұмыссыз қалған азаматтарға 42,500теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдер төленді, ипотеканы төлеу кейінге шегерілді, зейнетақы мен жәрдемақының мөлшерін 10%-ға индекстеу, екі ай ішінде 15 мың теңге көлемінде коммуналдық төлемдер үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына өтемақы төлеу, бизнесті салық төлеуден босату және тағы сол сияқты басқа да жеңілдіктер жасалды.

Биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету

Денсаулық сақтау қызметіндегі инфрақұрылымды жаңарту және елдің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2022 - 2025 жылдарға қосымша 55 млрд теңгеге қаржы қажеттігі белгілі болды. Сондай-ақ қызметті цифрландыру тұжырымдамасы жасалды.

Төтенше жағдайда биологиялық қорғанысты қамтамасыз ету жүйелерін жетілдіру, соның ішінде заманауи қорғау құралдарын енгізу және олардың антитеррорлық қарсылығын арттыру қажет болды. Осыған байланысты 2021 жылы «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заңды әзірлеуіміз керек, - деген еді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі

2020 жылы денсаулық сақтау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін «Адалдық алауы» жобалық кеңсесі құрылды.

Жоба кеңсесінің міндеттері:

- медициналық ұйымдарда күнделікті сыбайлас жемқорлықты жою және жайлы жағдайлар жасау;

- халықты және медициналық ұйымдарды есірткімен қамтамасыз етудегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мониторингін жүргізу

- ашықтық және есеп беру қағидаттары бойынша азаматтық қоғаммен ынтымақтастықты қамтамасыз ету

- Facebook әлеуметтік желілерінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпаратты орналастыру

Медициналық қызметтер сапасын жетілдіру

Денсаулық сақтау жүйесінің түрлі қиындықтарға дайын болуын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау министрлігі көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдады. Осы мақсатта денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық қызметтерді көрсетуіне бақылау күшейтілген.

Сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымы саласындағы бақылау күшейтілді, - деді Алексей Цой үкімет отырысында.

Сонымен бірге медициналық қызметтердің сапасын бақылауды институционалды қамтамасыз ету, сондай-ақ фармацевтикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін 2020 жылы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті құрылды.

2020 жылы Комитет азаматтардың медициналық қызмет сапасына қатысты 3 386 шағымын қарады, 15,5 денсаулық сақтау субъектісін 8,5 млн теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартты, 107 мыңнан астам медициналық қызметкерлерді клиникалық қызметке жіберді, 120 денсаулық сақтау субъектілері аккредиттелді.

Сонымен қатар вакциналарды уақытша тіркеу ережелері әзірленіп, дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен жабдықтарды тіркеу процедуралары жеделдетілді.

Баға мониторингі 1640-тан астам дәріханаға бақылау жүргізді, баға шегін асырудың 939 фактісі анықталды, 1343 субъектіге 181,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. 538 есірткіні заңсыз сату фактілері анықталды, 10 миллионнан астам пакет есірткі мен медициналық мақсаттағы бұйымдар заңсыз айналымнан алынды.

2021 жылы біз тәуелсіз денсаулық сақтау сарапшылары институтын аккредиттеу процедурасын жетілдіруді жоспарлап отырмыз, - деді министр.

COVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың дайындығына бағалау жүргізіледі. Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру жалғасады. Дәрі-дәрмектерді ұлттық тіркеуден ЕАЭО ережелері бойынша тіркеуге ауысу, сондай-ақ ЕАЭО аясында фармацевтикалық тексерулер жүргізу жоспарлануда.

Карантин шараларын бұзуға жол бермеу шаралары

Төтенше жағдай кезеңінде заң мен тәртіпті қорғау және денсаулық сақтау органдарына карантин шараларын қамтамасыз етуде көмек көрсету бойынша ұйымдастырушылық шаралар кешені қабылданды. Осы мақсаттар үшін ішкі істер департаментінің жеке құрамы патрульдік отрядтардың тығыздығының артуымен арнайы режимде қоғамдық тәртіпті қорғау қызметін жүзеге асырды. Төтенше жағдайдың ең қызған кезеңінде 50 мыңнан астам полиция қызметкері, Ұлттық ұлан әскери қызметкерлері және Қорғаныс министрлігі жұмылдырылды

Карантин енгізілген аймақтарға кіру мен шығуды шектеу үшін 445 өткізу пункті ұйымдастырылды. Инфекция белгілері бар адамдарды анықтау мақсатында 274 санитарлық бекет жұмыс істеді. Инфекцияның 400 ошағы қорғалды. Төтенше жағдайды бұзғандар ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактілерінің жолын кесу бойынша шаралар қабылданды. Дәрі-дәрмектер мен дәрілік заттарды сатудың 933 бұзушылығы анықталып, 98,2 мың дана дәрі-дәрмектер пакеті, 500 мың медициналық маска, 41 мың медициналық құрылғы (термометрлер, көзілдіріктер, қан құю заттар) және 705 литр дезинфекциялау құралы тәркіленді.

Жыл басынан бері 43 мың рейд жүргізіп, карантинді бұзған 8486 жағдай тіркелді.

Сонымен қатар көшелер, саябақтар, алаңдар, тұрғылықты аудандар, сауда нысандары мен банктер полиция патрульдік отрядтарының ерекше бақылауына алынды.

Жалпы қабылданған шаралар қылмыстық құқық бұзушылықтардың санын, соның ішінде қоғамдық орындарда және көшеде жасалған қылмыстардың санын едәуір азайтуға мүмкіндік берді.

Сонымен 2020 жылдың соңында қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы саны 34%-ға төмендеді, қоғамдық орындарда 51%-ға, көшеде 55%-ға азайды. 

Ішкі істер органдары шектеу шараларын қамтамасыз ету және елде заң мен тәртіпті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Халықты жаппай вакцинациялау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2021 жылы 1 ақпанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау науқаны басталды.

Бірінші кезеңде Ресейде жасалған вакцина – «Sputnik V» сатып алынды. Аз уақыт ішінде «Sputnik V» вакцинасының өндірісі Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені негізінде локализацияланды. Оған өнімдерді жеткізу бекітілген кесте бойынша биыл 24 ақпанда басталды.

Сондай-ақ биыл сәуір айында Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жасаған отандық өндірісте шығарылатын «QazCovid-in» вакцинасын қолдану жоспарланып отыр.

Қазақстанда отандық әзірлеушілердің болуы - жергілікті учаскелерді вакцинамен қамтамасыз етумен байланысты тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге республикамыздағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына айтарлықтай әсер етеді, - деді Алексей Цой үкімет отырысында.

Осылайша министр 2021 жылға қарай 3 миллионнан астам қазақстандыққа вакцина егу жоспарланғанын атап өтті.

2 мыңнан астам медициналық қызметкерлер коронавирусқа қарсы вакцинация тактикасы және вакцинацияның қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету бойынша оқытылды.

Жалпы еліміздегі азаматтарды вакцинациялау науқаны алты кезеңге бөлінеді:

1)     жұқпалы аурулар ауруханасының, жедел жәрдем қызметiнiң, реанимация бөлiмi, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, ауруханалардың қабылдау бөлмесiнiң, санэпид қызмет қызметкерлерi

2)     жалпы бiлiм беру мектептерiнiң педагогтерi, ЖОО, ведомстволық медициналық қызметтердiң медициналық қызметкерлерi

3)     мектеп-интернаттардың педагогтерi, балабақша, студенттер, созылмалы аурулары бар адамдар;

4)     IIМ, ТЖМ, БМ, ҰҚК қызметкерлерi және стационарлардағы медицина қызметкерлерi, балабақша қызметкерлерi мен созылмалы аурулары бар адамдар;

5)     медициналық-әлеуметтiк мекемелердiң контингентi мен қызметкерлерi, жабық балалар мекемелерiнiң қызметкерлерi және созылмалы аурулары барлар азаматтар

6)     қалған азаматтарға вакцина егіледі

Айта кетейік, пандемия кезінде елде 220 770 адам коронавирус жұқтырды. Оның ішінде 204 129 млн науқас емделіп шықса, 2 830 адам қайтыс болды.


strategy2050.kz
Өзгелердің жаңалығы