ҚАЖ қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

11 Наурыз 2021, 16:35
2058
Бөлісу:
ҚАЖ қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлады Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.

Қазір коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстанда екпе салдыру жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізілуде.

Бүгін өз еркімен өтініш білдірген Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлеріне «Спутник V» вакцинасы егілді. ҚАЖ департаментінің 17 қызметкері өздерінің мекен жайы бойынша емханаға барып, «Спутник V» вакцинасын салдырды. Вакцина салмас бұрын қызметкерлердің денсаулығы тексеріліп, екпе салынған соң дәрігердің бақылауында болады.

ҚАЖ қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

ЗК-169/1 мекемесінің кадр саясаты тобының аға инспекторы, әділет майоры Әлназаров Айдос Нұртасұлы ҚАЖ қызметкерлері арасынан алғашқы болып коронавирусқа қарсы вакцина салғызды. Жергілікті тіркелген мекен жайы бойынша 3 қалалық емханаға барып, тиісті шараларды басшылыққа ала отырып салдырған әділет майоры бұл жолы да көшбасшылық танытып, өзге қызметкерлерге үлгі көрсетті.

Міне, мен жаңа екпе салдырдым. Екпе салдырғалы бері денсаулығымда еш өзгеріс бола қойған жоқ. Арнайы контигенттермен жұмыс істейтін болған соң, бұл вакцинаны міндетті түрде салдыру қажет деп есептеймін. Сондықтан өзге азаматтарды да вакцина салдыруға шақырамын, - деді әділет майоры Айдос Әлназаров.

Өзгелердің жаңалығы