Әрбір министр, әкім инвестиция тарту үшін жұмыс істеу керек - Мамин

11 Наурыз 2021, 10:44
1574
Бөлісу:
Әрбір министр, әкім инвестиция тарту үшін жұмыс істеу керек - Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында өткен айдың экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштерімен танысқан премьер-министр Асқар Мамин аймақ басшылары мен министрліктер алдына міндет қойды. 

Оның айтуынша, ақпан айында қаңтармен салыстырғанда экономиканың өсу қарқынын байқап отырмыз. Негізгі көрсеткіштердің көбі жақсарып келеді.  

Қазіргі кезде экономиканың нақты секторында орнықты оң динамика байқалады. Өткен айда негізгі капиталға инвестициялар өсімі тау-кен өндірісін қоспағанда +13,3 пайызды құрады.

Бұл инвестициялық белсенділіктің жаһандық төмендеуі жағдайында сапалы инвестициялар тартуға бәсекелестік өте жоғары. Отандық және шетелдік инвесторларды белсенді тарту арқылы жекешелендіру жоспарын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету қажет. Әрбір министр, әкім және ұлттық холдингтер мен  компаниялардың басшылары ішкі және сыртқы  инвестицияларды тарту үшін үздіксіз жұмыс жасауы керек. Әрбір инвесторға салатын капитал көлемі мен жобаның басымдығына қарай жеке қолдау шаралары ұсынылатын болады, - деді ол.

Маминнің айтуынша, жаңа жағдайда кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін  іскерлік белсенділікті тікелей ынталандыру шаралары үш бағытта іске асырылады. Бұл – қаржыландыруға қолжетімділікті қамтамасыз ету, бизнес жүктемесін азайту, өткізу нарықтарына қол жеткізуді кеңейту. 

Сонымен қатар Мамин әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері төмен облыстарды атап өтіп, аймақ басшыларына алдына міндет қойды.

Биылғы қаңтар-ақпанда айларында негізгі көрсеткіштер бойынша Алматы және Ақмола облыстарында  әлеуметтік-экономикалық даму  қарқыны жоғары 

Министрлер мен әкімдерге жұмысты жандандырып, тиісті шаралар қабылдауды және міндеттерді нақты орындауды тапсырамын, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы