Індеттің таралуын төмендеткіміз келсе, халықпен араласуды азайтуымыз керек

11 Наурыз 2021, 16:48
1494
Бөлісу:
Індеттің таралуын төмендеткіміз келсе, халықпен араласуды азайтуымыз керек

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайынов онлайн брифинг барысында айтты.

Алматы қаласы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша кешеден бері «қызыл» аймаққа енген. Осыған байланысты қалада карантиндік шаралар қайтадан күшейтіліп, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шыққан еді.

Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің №9 қаулысы бойынша барлық мерекелік шараға тыйым салынды, оның ішінде отбасылық шараларды да өткізуге болмайды. Осыған орай Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралардың барлығы өтпейді. Оған қоса бильярд, батут, караоке, түнгі клуб, букмекерлік кеңсе, аттракцион, ойын алаңдары және басқа да жабық ғимараттағы нысандардың жұмысына тыйым салынады. Тек боулинг пен компьютер ойын клубтары жұмысын жалғастыра береді, - дейді ол.

Аудандағы эпидемиологиялық жағдай ұшығып тұрғанын және халықтың отбасылық жиындар мен сауда үйлеріне, базарға және қоғамдық тамақтану орындарына баруы жиілеп кеткенін айтты. Сондай-ақ халықтың вирус жұқтыруы жоғары орындарын атады.

Ауданымыздағы «Тастақ» базары, «ЦУМ» сауда үйі, «Мега парк» СОО, «Глобус» сауда үйі және халық көп баратын мейрамхана вирус жұқтыруда қауіпті. Күн жылынғанда скверлер мен арбатта да адам қарасы көбейеді. Мүмкіндік болса, ондай жерге бармауға тырысу керек, - деді аудан әкімі.
Өзгелердің жаңалығы