Азық-түлік бағасының өсуі жалғасуда

11 Наурыз 2021, 10:24
1843
Бөлісу:
Азық-түлік бағасының өсуі жалғасуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Азық-түлік инфляциясы бағаның жалпы өсуіне ең көп үлес қосуын жалғастыруда. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкіметтің онлайн отырысында айтты.

Оның айтуынша, ақпандағы жылдық инфляция 7,4% деңгейінде сақталды. 

Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі ішкі нарықтағы шектеулі ұсынысқа, әлемдік тауар нарықтарындағы бағалардың және отандық өндірушілер бағаларының өсуіне байланысты жекелеген тауар нарықтарындағы теңгерімсіздіктің сақталуынан биылғы жылғы қаңтардағы 11,4%-тен ақпандағы 11,6%-ке дейін жеделдеді. 

Өткен айларда байқалған ет және ет өнімдері, нан-тоқаш өнімдері мен жармалар бағалары өсуінің баяулауы ақпанда тоқтады. Азық-түліктің әлемдік бағасының өсуі қатарынан тоғыз айға созылып, бұл азық-түлік бағалары индексінің көп жылдық максимумына әкелді, - деді ол. 

Оның айтуынша, азық-түлікке жатпайтын инфляция 5,3%-тен 5,2%-ке дейін, ақылы қызметтер инфляциясы тұрғын үй-коммуналдық реттелетін қызметтердің жекелеген түрлеріне тарифтердің төмендеуі есебінен 4,1%-тен 3,9%-ке дейін баяулады. Жеке адамдарға қызмет көрсету және демалыс қызметтеріне бағалардың өсуі жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы